Биология департаменті
Биология ғылымдары саласындағы бакалавриат
Бағдарлама қазақстандық экономикалық өсу моделінің стратегиясына және «Жаңғырту 3.0» жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне сәйкес келеді. Осының арқасында студенттер экономиканың кез келген саласында бәсекеге қабілетті түлектер болады. Қабылданған «Жаңғырту 3.0» стратегиясы Қазақстанда зерттеулер мен әзірлемелерді ілгерілетуді де көздейді.

Биология ғылымдары бойынша Бакалавриат Бағдарламасының Білім беру Мақсаттары (PEO):
1. Зерттеу және нақты әлемдік шынайы мәселелерді шешу үшін биологиялық және жаратылыстану ғылымдары бойынша тәжірибелік және теориялық білімді, сыни тұрғыдан ойлауды және тәжірибелік дағдыларды көрсету,
2. Күшті пәнаралық және ынтымақтастық пен бірлестік дағдылары арқылы көшбасшылық негізін құру,
3. Қазақстан үкіметінде немесе шетелдегі өнеркәсіпте, академиялық ортада өз бетінше немесе кәсіби түрде ұжым мүшесі ретінде жұмыс істеу,
4. Кәсіби құндылықтарға негізделіп әрекет ету және ғылыми процесстердегі шектеулерін танып білу.

Өздерінің факультативтік таңдауын пайдаланған биология ғылымдарының түлектері Қазақстан экономикасына, білімге, қоршаған ортаға және денсаулық сақтауға байланысты түрлі салаларда жұмыс таба алады. Бұл салаларда олар ғылыми-техникалық немесе техникалық емес салаларда басшылық лауазымдарға дейін өсуі мүмкін. Бұл бағдарламаның түлектері Назарбаев Университетінде немесе халықаралық деңгейде өмір туралы ғылымдар, медицина ғылымдары немесе қоғамдық денсаулық сақтау салаларында білім алуды және магистр дәрежесін алудың бірнеше нұсқаларына ие болады.

Осы уақытқа дейін биология ғылымдарының бакалавры дәрежесі бар түлектердің шамамен үштен екісі Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде медицина докторы, ғылым магистрі немесе қоғамдық денсаулық сақтау магистрі бағдарламаларына қабылданды. Түлектердің шамамен 10%-ы Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония, Сингапур және Оңтүстік Кореяның беделді шетелдік оқу орындарында дипломнан кейінгі білім алды. Қалған түлектер Назарбаев Университетіндегі басқа жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға, соның ішінде біздің Биология ғылымдары және технологиялар саласындағы ғылым магистрі бағдарламасына түсуге шешім қабылдады немесе оларға жұмыс ұсынылды.