Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Академиялық және студенттік істер офисі мектеп студенттеріне оқу үрдісіне байланысты барлық мәселелерде қолдау көрсетеді.
Біздің маман кеңесшілеріміз студенттерге пәндерді таңдау, бас мамандық таңдау, магистратура және мансапқа дайындық, оқу үлгерімін жетілдіру үшін мағлұмат табу, және академиялық саясатты түсіну, т.б. секілді оқу барысында туындайтын сұрақтарда жәрдем көрсетеді.
Оған қоса, психологиялық қолдау көрсету және тәжірибе алу немесе шет елдерде оқу мүмкіндіктерін іздеуде септігі тиетін кампустағы орталықтарға кеңес сұрауға жіберуге әрқашан дайынбыз.
Жазу орталығының алға қойған мақсаты кездесуден кейін студенттердің өз бетінше жазу жұмыстарын сараптап, бағалай білуіне көмектесу. Осындай кездесулер студентке берілген тапсырманың мақсатын айқындауды, нақты дәлелдер келтіруді және грамматика жұмысын жасауды көздейді.
Студенттермен ғана емес, сонымен қатар факультет қызметкерлерімен де жұмыс жүргізіледі. Мысалы, орталық оқу жоспарлары мен бағалау әдістемелерін құрастыруға көмектеседі.
Академиялық жазу орталығы 4-блок.
Кездесулерді жоспарлау үшін төмендегі сілтеме арқылы аккаунтқа тіркеліп, өз қалаған уақытыңызға сай келетін кездесуді таңдаңыз.