Қазақ тілі мен түркітану кафедрасы практикалық қазақ тілі, арнайы мақсаттарға арналған қазақ тілі және қазақ әдебиеті, музыка, мәдениет және басқа да тақырыптар бойынша алдыңғы қатарлы деңгейдегі курстар ұсынады. Қазіргі уақытта бакалавриат студенттері Назарбаев Университетінде қазақ тілінің талаптарын қанағаттандыру үшін қазақ тілі бойынша екі курсты (3 кредит / 6 кредит ECTS) тапсыруға міндетті. Бұл курстар таңдауға болатын курстар ретінде барлық студенттерге ашық. Кафедра ұсынатын қазақ тілі курстарын ала отырып, студенттер өздерінің кәсіби білімдерін жақсарта алады. Кейіннен академиялық ғылыми ортада, әлеуметтік салаларда, мемлекеттік қызметте және басқа да қазақ тілінің және мәдениетінің жоғары білімін талап ететін салаларда алған білімдерін пайдалана алады.
Қазақ тілі мен түркітану кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы қазақ тілі мұғалімдерінің халықаралық қауымдастығын құрып жатыр. Біз Қазақстандағы және әлемдегі әріптестерімізбен бөлісу үшін қазақ тілі мен мәдениетін үйретудің үздік халықаралық тәжірибесін жинақтауға үміттенеміз. Назарбаев Университетін қазақ тілі мен мәдениетін зерделеуге арналған халықаралық орталыққа айналдыруға үміттіміз.
Қазақ тілі мен түркітану кафедрасы түркітану сабақтарын, соның ішінде VIII ғасырда бастау алған түрлі тарихи және қазіргі түркі халықтарының тілдерін, әдебиетін және мәдениетін қамтитын курстарды енгізуде. Сондай-ақ, ол қазақ тілі де кіретін түркі тілдері мен мәдениеттерінің кең ауқымында қазақ тілінің академиялық зерттеуін жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазақ тілі мен түркітану кафедрасы түркітану саласына маңызды үлес қосатын және қазіргі заманғы теорияны қарастыратын заманауи зерттеулерді қамтитын жоғары сапалы кафедра болуға ұмтылады. Сондай-ақ, кафедра Еуропа, Америка Құрама Штаттары, Түркия және түркі әлемінің басқа да ірі орталықтарымен ғылыми-бағдарланған қарым-қатынас орнатуға үміттенеді. Халықаралық Түркі Академиясы (Астана) түркітануды насихаттауды ұстанатынын ескере отырып, Назарбаев Университеті бүкіл әлемдегі әріптестерімен ынтымақтастықта Түркітанудың ірі әлемдік орталығы бола алады.
QazMAG веб-журналына кіріңіз