Бакалавриат бағдарламалары
ЖӘГҒМ мектебінде бакалавр дәрежесін алу үшін студент бағдарламалардың бірін аяқтауы керек. Әрбір бағдарлама мамандық бойынша бірқатар міндетті курстарды, сондай-ақ дипломдық бағдарламадан тыс өту қажет көптеген курстарды қамтиды.
prospectus
АКАДЕМИКАЛЫқ КҮнтізбе
Назарбаев Университетіндегі физика саласындағы бакалавриат бағдарламасының оқу жоспары студенттерге физиканың іргелі заңдары туралы кең түсінік алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар студенттер математикалық, есептеу және эксперименталды дағдыларын толықтыра отырып, абстрактілі ойлау дағдыларын, шығармашылық ғылыми көзқарасты барынша пайдалануды үйренеді.

Оқу мерзімі: 4 жыл

Бағдарлама туралы толық ақпаратты департамент бетінен табуға болады.
Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар мектебінде физика бакалавры дәрежесін алған біздің түлектер елімізде және шетелде физика мен инженерлік ғылымдар саласындағы мансапқа және аспирантураға түсуге дайындалуда. Сонымен қатар, біз студенттерімізді академиялық және өнеркәсіптік зерттеулер арқылы жұмыс ортасымен таныстыратын боламыз, бұл біздің түлектерімізге мансап пен мүмкіндіктерге дайын болуға, командада жұмыс істеуге және қарым-қатынастың жақсы дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Студенттер физиканың іргелі заңдарын жан-жақты түсінуді, абстрактілі ойлау қабілетін және математикалық, есептеу және эксперименттік дағдылармен толықтырылған шығармашылық ғылыми көзқарасты дамытады. Студенттерден физика зерттеулерінде және одан тыс жерлерде өздерінің жеке күштері мен қызығушылықтары туралы жетілген түсінік қалыптасады деп күтілуде.
Ағылшын тілінің талаптары (барлық талапкерлер үшін)
  • IELTS – жалпы балл 6.5 (әрбір секция бойынша 6.0)
  • TOEFL IBT – 79 (оқылым – 13, тыңдалым – 12, сөйлесім – 18, жазылым- 21)
  • TOEFL PDT * – 574
Академиялық талаптар

Орта мектептердің, колледждердің, UK Foundation бағдарламасының түлектері мен оқушыларына, сондай-ақ A-level бағдарламасының түлектеріне қойылатын талаптар:

  • SAT Reasoning Test – 1240
  • ACT – 26.

A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері:
  • NIS 12 Grade Certificate – Үш пәннен кем дегенде A B B (талапкер таңдауымен)
  • A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері келесі санаттардың бірі бойынша конкурсқа қатыса алады:"SAT/ACT талапкерлері", “NUET талапкерлері” немесе “Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері” (аталған санаттарға қойылатын талаптарды сайттан қараңыз)

IВ Diploma иегерлері:
  • Жалпы балл 30 және 4, 4, 5 балл жоғары деңгейдегі 3 пән бойынша
  • IB Diploma иегерлері келесі санаттардың бірі бойынша конкурсқа қатыса алады: "SAT/ACT талапкерлері", “NUET талапкерлері” немесе “Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері” (аталған санаттарға қойылатын талаптарды сайттан қараңыз)

Халықаралық олимпиада жүлдегерлері:
  • Математика, физика, химия, биология және информатика бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары қабылданады
  • Ағымдағы жылғы алтын, күміс (I, II орын) медальдары
  • IELTS/TOEFL талап етіледі, бірақ минималды балл қажет етпейді
  • Қабылдау комиссиясының мүшелерімен ағылшын тілінде сұхбат

Республикалық олимпиада жүлдегерлері:
  • Халықаралық пәндік олимпиадалар - Математика бойынша халықаралық олимпиада (IMO), Физика бойынша халықаралық олимпиада (IPhO), Химия бойынша халықаралық олимпиада (IChO), Биология бойынша халықаралық олимпиада (IBO), Информатика бойынша халықаралық олимпиада (IOI), Арнайы мамандандырылған мектептердің математика, физика мен информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы, Мектеп оқушыларының химия бойынша Халықаралық Менделеев олимпиадасы
  • Cоңғы үш жылда алтын, күміс немесе қола (I, II, III орын) медальдары
  • IELTS/TOEFL талап етіледі, бірақ минималды балл қажет етпейді
  • Қабылдау комиссиясының мүшелерімен ағылшын тілінде сұхбат

Ауысатын студенттер:
  • SAT Reasoning Test – 1240. ACT – составной балл не менее 26.
  • GPA - 2.75
  • Құжат тапсыру кезінде Times Higher Education World University немесе QS World University rankings рейтингтері бойынша ең үздік 200 ЖОО қатарына кіретін және оқыту тілі ағылшан тілі боп табылатын шетелдік жоғары оқу орындарында бакалавриат бағдарламасының кемінде бір жылын табысты аяқтаған талапкерлер SAT/ACT және IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылады

Назарбаев Университеті SAT ұпайларын алу үшін Superscoring қолданады.
TOFL iBT Home Edition - конкурста қарастырылмайды.
TOEFL PDT тек IELTS және TOEFL iBT қол жетімді емес елдерден келген халықаралық талапкерлер үшін қабылданады.
Бітірушілердің көпшілігі Америка Құрама Штаттары мен Еуропада, сондай-ақ әлемнің басқа да бөліктерінде, қолданбалы математика, операцияларды зерттеу, экономика, машина жасау, статистика және биомедициналық статистика және таза математика саласында әлемдік деңгейдегі университеттерде аспирантураның түрлі бағдарламаларына жіберілді.

Толық емес тізімге Стэнфорд университеті, Оксфорд университеті, Солтүстік Каролина Чапел-Хилл университеті, Иллинойс Урбана-Шампейн университеті, Делфт технологиялық университеті, Манчестер университеті және Макмастер университеті, Чикаго университеті кіреді.

Назарбаев Университетінің математика бакалавры дәрежесі бар түлектері келесі бағыттарда жұмыс істей алады:
  • Ғылыми-зерттеу институттары
  • Қаржылық ұйымдар
  • Мектепте оқыту
  • Салалар
  • Мемлекеттік мекемелер
Бағдарлама 4 жылға созылады (8 семестр) және 240 кредитті қамтиды.

Міндетті физика курстары:

  • Физика ғалымдар мен инженерлерге арналған II зертханалық жұмыстармен
  • Классикалық механика
  • Қазіргі заманғы физика зертханалық жұмыстарымен
  • Есептеуіш физика зертханалық жұмыстарымен
  • Термодинамика және статистикалық физика
  • Физикадағы математикалық әдіс
  • Классикалық электр динамикасы
  • Оптика зертханалық жұмыстарымен
  • Кванттық механика
  • Физика I ғалымдар мен инженерлерге арналған зертханалық жұмыстарымен
  • Бағдарламалау ғалымдар мен инженерлерге арналған
  • Физикадағы зерттеу әдістері
  • Дипломдық жұмыс
  • Физикадан төрт негізгі элективті курс

Қалған курстар:

  • Есептеу
  • Сызықтық алгебра қосымшаларымен
  • Дифференциалдық теңдеулерге кіріспе
  • Қазақстан тарихы
  • Қазақ тілі курсы
  • Риторика және композиция
  • Академиялық жазба орталығының 200-деңгейлі базалық курсы
  • Бизнес және кәсіпкерлік негіздері
  • Қолданбалы этика курсы
  • Үш техникалық таңдау курстары
  • Екі жалпы элективті курс
Кеңес керек пе?
Деректеріңізді қалдырыңыз, біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.