Бакалавриат бағдарламалары
ЖӘГҒМ мектебінде бакалавр дәрежесін алу үшін студент бағдарламалардың бірін аяқтауы керек. Әрбір бағдарлама мамандық бойынша бірқатар міндетті курстарды, сондай-ақ дипломдық бағдарламадан тыс өту қажет көптеген курстарды қамтиды.
prospectus
АКАДЕМИКАЛЫқ КҮнтізбе
Назарбаев Университетінің математика саласындағы ғылымдар бакалавриаты бағдарламасының студенттері математикалық теорияларды оқып, жаратылыстану және инженерлік ғылымдарда қолданылатын математикалық дағдыларды дамытады.

Нәтижесінде біздің түлектер математика саласындағы жоғары бәсекеге қабілетті еңбек нарығына дайын болады. Математика бакалавры дәрежесін алған және магистратура бағдарламасы бойынша оқуды жалғастырғысы келетін түлектер таза және қолданбалы математика немесе статистика саласында ғылыми дәреже ала алады.

Оқу мерзімі: 4 жыл

Бағдарлама туралы толық ақпаратты департамент бетінен табуға болады.
Бағдарлама студенттерді математика теориясын оқытуға және ғылым мен техникада қазіргі заманғы математика қосымшаларында қолданылатын математикалық дағдылар мен шеберлікті дамытуға арналған. Математика бойынша таңдау пәндері және техникалық талаптар шеңберінде мамандандырылған курстардың арқасында студенттер өздерінің математикалық негіздері мен дағдыларын тереңдету және кеңейту мүмкіндігіне ие болады, бұл оларды математикаға байланысты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді және/немесе оларды таза және қолданбалы математика немесе статистика саласындағы аспирантураға дайындайды. Математикамен байланысы жоқ таңдау пәндерін алған студенттер қосымша пәнді қоса алып оқуды аяқтауға мүмкіндіктері бар.

Мұқият ойластырылған оқу жоспары аясында оқушыларға математика пәнінен факультативтік және техникалық факультативтік курстар ұсынылады. Таңдау бойынша факультативтер математикалық дағдыларды жақсартады және студенттерге математикадан басқа пән бойынша оқытудан өтуге мүмкіндік береді.
Ағылшын тілінің талаптары (барлық талапкерлер үшін)
  • IELTS – жалпы балл 6.5 (әрбір секция бойынша 6.0)
  • TOEFL IBT – 79 (оқылым – 13, тыңдалым – 12, сөйлесім – 18, жазылым- 21)
  • TOEFL PDT * – 574
Академиялық талаптар

Орта мектептердің, колледждердің, UK Foundation бағдарламасының түлектері мен оқушыларына, сондай-ақ A-level бағдарламасының түлектеріне қойылатын талаптар:

  • SAT Reasoning Test – 1240
  • ACT – 26.

A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері:
  • NIS 12 Grade Certificate – Үш пәннен кем дегенде A B B (талапкер таңдауымен)
  • A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері келесі санаттардың бірі бойынша конкурсқа қатыса алады:"SAT/ACT талапкерлері", “NUET талапкерлері” немесе “Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері” (аталған санаттарға қойылатын талаптарды сайттан қараңыз)

IВ Diploma иегерлері:
  • Жалпы балл 30 және 4, 4, 5 балл жоғары деңгейдегі 3 пән бойынша
  • IB Diploma иегерлері келесі санаттардың бірі бойынша конкурсқа қатыса алады: "SAT/ACT талапкерлері", “NUET талапкерлері” немесе “Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері” (аталған санаттарға қойылатын талаптарды сайттан қараңыз)

Халықаралық олимпиада жүлдегерлері:
  • Математика, физика, химия, биология және информатика бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары қабылданады
  • Ағымдағы жылғы алтын, күміс (I, II орын) медальдары
  • IELTS/TOEFL талап етіледі, бірақ минималды балл қажет етпейді
  • Қабылдау комиссиясының мүшелерімен ағылшын тілінде сұхбат

Республикалық олимпиада жүлдегерлері:
  • Халықаралық пәндік олимпиадалар - Математика бойынша халықаралық олимпиада (IMO), Физика бойынша халықаралық олимпиада (IPhO), Химия бойынша халықаралық олимпиада (IChO), Биология бойынша халықаралық олимпиада (IBO), Информатика бойынша халықаралық олимпиада (IOI), Арнайы мамандандырылған мектептердің математика, физика мен информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы, Мектеп оқушыларының химия бойынша Халықаралық Менделеев олимпиадасы
  • Cоңғы үш жылда алтын, күміс немесе қола (I, II, III орын) медальдары
  • IELTS/TOEFL талап етіледі, бірақ минималды балл қажет етпейді
  • Қабылдау комиссиясының мүшелерімен ағылшын тілінде сұхбат

Ауысатын студенттер:
  • SAT Reasoning Test – 1240. ACT – составной балл не менее 26.
  • GPA - 2.75
  • Құжат тапсыру кезінде Times Higher Education World University немесе QS World University rankings рейтингтері бойынша ең үздік 200 ЖОО қатарына кіретін және оқыту тілі ағылшан тілі боп табылатын шетелдік жоғары оқу орындарында бакалавриат бағдарламасының кемінде бір жылын табысты аяқтаған талапкерлер SAT/ACT және IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылады

Назарбаев Университеті SAT ұпайларын алу үшін Superscoring қолданады.
TOFL iBT Home Edition - конкурста қарастырылмайды.
TOEFL PDT тек IELTS және TOEFL iBT қол жетімді емес елдерден келген халықаралық талапкерлер үшін қабылданады.
Бітірушілердің көпшілігі Америка Құрама Штаттары мен Еуропада, сондай-ақ әлемнің басқа да бөліктерінде, қолданбалы математика, операцияларды зерттеу, экономика, машина жасау, статистика және биомедициналық статистика және таза математика саласында әлемдік деңгейдегі университеттерде аспирантураның түрлі бағдарламаларына жіберілді.

Толық емес тізімге Стэнфорд университеті, Оксфорд университеті, Солтүстік Каролина Чапел-Хилл университеті, Иллинойс Урбана-Шампейн университеті, Делфт технологиялық университеті, Манчестер университеті және Макмастер университеті, Чикаго университеті кіреді.

Назарбаев Университетінің математика бакалавры дәрежесі бар түлектері келесі бағыттарда жұмыс істей алады:
  • Ғылыми-зерттеу институттары
  • Қаржылық ұйымдар
  • Мектепте оқыту
  • Салалар
  • Мемлекеттік мекемелер
Бағдарлама 4 жылға созылады (8 семестр) және 240 кредитті қамтиды.

Міндетті математика курстары (66 кредиттер):

MATH 162 Calculus II
MATH 251 Discrete Mathematics
MATH 263 Calculus III
MATH 273 Linear Algebra with Applications
MATH 274 Introduction to Differential Equations
MATH 302 Abstract Algebra I
MATH 321 Probability
MATH 322 Mathematical Statistics
MATH 351 Numerical Methods
MATH 361 Introductory Real Analysis I

Таңдау пәндері (54 кредиттер):
Any Math 300- or 400-level courses. At least 24 ECTS must be from 400-level courses. Furthermore, at least 12 ECTS must be research oriented courses, which could be selected from list of courses including MATH 407, MATH 411, MATH 440, MATH 441, MATH 446, MATH 449, MATH 477, and MATH 499.
NU Undergraduate Core Curriculum Framework (78 кредиттер):
Kazakh Language (KAZ)
PHIL 210 Ethics
HST 100 History of Kazakhstan
WCS 150, one 200-level writing course
Research Method (MATH 350)
Social Science (SOC, PLS, ANT, or ECON)
Natural Science (PHYS, CHEM, BIO, or GEOLOGY)
Math (MATH 161)
Computer Programming (Any CSCI course or Programming course)
Business (BUS)

Техникалық таңдау пәндері (18 кредиттер):
Техникалық элективті пән мыналар бойынша қабылданады: BIOL, CHEM, ECON, PHYS, SEDS, SMG (One technical elective must be 300-level or above

Жалпы таңдау пәндері (24 кредиттер):
Жоғарыда аталған талаптарға қосымша, студенттер жалпы 240 ECTS талабына жету үшін НУ-да ұсынылатын кез келген курстарды өтуі керек.
Кеңес керек пе?
Деректеріңізді қалдырыңыз, біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.