Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің әлеуметтану бакалавры әлеуметтік қатынастар мен адамның әлеуметтік институттарын зерттейді.
Студенттер сандық (статистикалық талдау), сондай-ақ сапалық (терең интервью, этнография, фокус-топтар, мәтіндік талдау) әдістерді қолдана отырып, ақпаратты жинауды және сыни талдауды үйренеді. Бұл дағдылар кейіннен студенттерді маркетинг, білім беру, зерттеу, саясатты талдау, деректерді талдау, кеңес беру, журналистика, әлеуметтік жұмыс саласындағы мансапқа әкелуі мүмкін.
Оқу мерзімі: 4 жыл
Бағдарлама туралы толық ақпаратты
департамент бетінен табуға болады.