Тарих, философия және дін департаменті
Назарбаев Университетіндегі Еуразиялық зерттеулер магистрі – ағылшын тілінде оқытылатын екі жылдық пәнаралық аймақтық зерттеу бағдарламасы. Бұл Қазақстанда ұсынылып отырған алғашқы бағдарлама және бүкіл Еуразиялық өңірдегі санаулылардың бірі Еуразиялық зерттеулер магистрі дәрежесі студенттерді соңғы екі онжылдықтағы Еуразиядағы маңызды оқиғаларды түсінуге дайындайды. Ол Еуразияның мәдениеттерін, тілдерін, тарихын, қауымдастықтарын, қоғамдарын және саясатын аймақтың дәл ортасында орналасқан Астанада зерттеуге мүмкіндік береді. Назарбаев Университеті жанындағы Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде әртүрлі пәндер бойынша Еуразиялық аймақты зерттеп, сабақ беретін халықаралық деңгейдегі білікті профессор-оқытушылар құрамы теңдессіз шоғырланған.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
Еуразиялық зерттеулер бойынша магистратураны сәтті аяқтағаннан кейін студенттер:

  1. Тәуелсіз зерттеулер арқылы Еуразия өңірінің тарихы, мәдениеті мен қоғамы туралы егжей-тегжейлі білімдерін сыни тұрғыдан талдап және көрсете алады.
  2. Тиісті әдістерді қолдана отырып, тәуелсіз зерттеулерді әзірлеу, жоспарлау және жүргізу, сондай-ақ өздері жинаған мәліметтер негізінде өз қорытындыларын жасай алады.
  3. Әр түрлі пәндерден және/немесе пәнаралық тәсілдерден тұжырымдамаларды Еуразиялық аймақты түсіну құралы және практика ретінде саралап, салыстырып және пайдалана алады.
  4. Түпнұсқа тілдегі бастапқы және қайталама, жазбаша және/немесе ауызша және/немесе визуалды дереккөздерді анықтап, қолданып және сыни тұрғыдан талдай алады.
  5. Кешенді зерттеу библиографиясын құру, ағылшын тіліндегі күрделі ғылыми мәтіндерді жоғары жылдамдықпен және шеберлікпен оқу және талдау, өз зерттеулерін еркін ағылшын тілінде ұсынып, Еуразия саласындағы мақала көлемі мен жарияланатын сапалы ағылшын тілінде жазбаша жұмыс жасап және зерттеуді үйренеді.

Қажет болған жағдайда студенттер Еуразиялық тілді білуі керек және осы лингвистикалық дағдыларды магистратура деңгейінде тиімді қолдануы керек.
Біліктілік иелері академиялық ортада, саясатты қалыптастыруда, зерттеуде, журналистикада, үкіметтік емес ұйымдарда және Еуразиялық аймақта және одан тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жұмысқа орналасу үшін қажетті білім мен дағдыларға ие болады. Яғни біліктілік иегерлері бастамашылық пен жеке жауапкершілікті көрсету; дәлелдер мен деректердің үлкен көлемін талдау, бағалау және оларды нақты және реттелген дәлелдер жасау үшін пайдалану мүмкіндігі; қиын және болжау мүмкін емес жағдайларда шешім қабылдау; білімге сыни көзқарас, кәсіби және академиялық дамуды үйренеді.