Бағдарламаға шолу
Математика бойынша бакалавриат бағдарламасы 240 ECTS кредитіне және 8 академиялық семестрге есептелген. Бағдарлама студенттерге математика теориясын үйретуге және математикалық дағдыларды дамытуға арналған. Математикалық және техникалық таңдау бойынша мамандандырылған курстардың арқасында студенттер өздерінің математикалық негіздері мен дағдыларын тереңдетуге және кеңейтуге мүмкіндік алады, бұл оларды еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді және іргелі немесе қолданбалы математика, статистика саласында аспирантураға дайындайды. Математикадан тыс таңдау пәндерін таңдаудағы икемділік студенттерге басқа пән бойынша бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның оқу нәтижелері (PLO)
  • Математика және жаратылыстану ғылымдары саласындағы білімдерді осы пәнге қатысты салаларға қолдана отырып, кең көлемде анықталған техникалық немесе ғылыми мәселелерді анықтап, тұжырымдап және шешу.
  • Қажетті талаптарды қанағаттандыру үшін жүйе, процесс, процедура немесе бағдарламаны тұжырымдау немесе жобалау.
  • Эксперименттерді әзірлеу және жүргізу немесе гипотезаларды тексеру, деректерді талдап және түсіндіру, сондай-ақ ғылыми пікірлерді пайдаланып қорытындылар жасау.
  • Әртүрлі аудиториямен тиімді қарым-қатынас жасау.
  • Этикалық және кәсіби жауапкершілікті түсіну және ғылыми шешімдердің жаһандық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік контексттердегі әсерін бағалау.
  • Мақсаттарды орнататын, тапсырмаларды жоспарлайтын, мерзімдерді сақтайтын және тәуекелдер мен белгісіздіктерді талдайтын командаларда тиімді жұмыс істеу.
  • Теоремалар мен басқа математикалық тұжырымдарды түсіну; оларды дәлелдеп немесе жасап шығару.
Білім беру мақсаттары (PEO)
Математика бойынша бакалавриат бағдарламасы студенттерге терең ғылыми білім мен кеңейтілген факультативті мақсаттар арқылы білім береді, бұл оларға:
  1. Математика және жаратылыстану ғылымдарындағы теоретикалық білімдерін, сындарлы ойлау қабілеттері мен практикалық дағдыларын қолдана отырып, зерттеу және нақты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді;
  2. Лидер болуға, ынтымақтастық мүмкіндіктерін іздеп, әртүрлі мүдделі тараптармен кәсіби қарым-қатынас орнатуға бағыттайды;
  3. Қазақстандағы немесе шетелдегі өнеркәсіпте, ғылыми ортада немесе үкіметте көп салалы ұйымның мүшесі ретінде немесе тәуелсіз түрде үлес қосуға мүмкіндік береді;
  4. Ғылыми процестердің мүмкіндіктері мен шектеулерін түсініп, нақты мәселелерді шешу кезінде кәсіби ішкі құндылықтар мен қақтығыстарға сәйкес тиісті әрекет етуге үйретеді.
Математика бойынша minor
Математика бойынша Minor бағдарламасы MATH 161 Calculus I және MATH 261 Calculus II пәндерінен басқа, кемінде 6 пәннен тұрады, оның ішінде біреуі міндетті және бес таңдау пәні болып табылады.

  • MATH 161 Calculus I
  • MATH 162 Calculus II
  • MATH 263 Calculus III
  • MATH 273 Linear Algebra with Applications
  • Элективті пәндер – кемінде 4 элективті, оның ішінде екі пән Math 251, 274, 321, 322, 351, 361 қатарынан және екі пән 400 деңгейіндегі курстардан болуы керек.
  • Баға С немесе одан жоғары болуы тиіс.
Жиі қойылатын сұрақтар
Математикаға ауысу талаптары қандай?
1-курстың көктемгі семестрінен кейін, бірақ 2-курстың күзгі семестрінің емтихандарына дейін математика мамандығына ауысу үшін студенттің Calculus 1 және 2 пәндерінен орташа бағасы кемінде 3,0 болуы керек.

MATH пәндерінен өту баллы қандай?
Математика бойынша кез келген пән, егер ол басқа математика пәніне prerequisite (алдын ала талап) ретінде қолданылса, C немесе одан жоғары бағаны талап етеді.
Real Analysis және Abstract Algebra, Numerical Methods, Mathematical Statistics сияқты курстар үшін C- немесе одан жоғары баға алу керек, егер олар prerequisite ретінде қолданылмаса.
Егер студент математика бойынша элективті курстан D+ алған болса, бұл курс математика элективті курсы ретінде есепке алынбайды, бірақ жалпы элективті курс ретінде есепке алынуы мүмкін.

Жалпы элективті курстардан өту баллы қандай?
Жалпы элективті курстар бойынша өту баллы D болып табылады.
Оқу жоспары
Негізгі курстар (66 кредит):
MATH 162 Calculus II
MATH 251 Discrete Mathematics
MATH 263 Calculus III
MATH 273 Linear Algebra with Applications
MATH 274 Introduction to Differential Equations
MATH 302 Abstract Algebra I
MATH 321 Probability
MATH 322 Mathematical Statistics
MATH 351 Numerical Methods
MATH 361 Introductory Real Analysis I

Элективті курстар (54 кредит):
Математика бойынша 300 немесе 400 деңгейіндегі кез келген курстар. Осы курстардың ішінде кемінде 24 ECTS 400 деңгейіндегі курстардан алынуы қажет. Сонымен қатар, кемінде 12 ECTS зерттеу курстарына арналып, олар төмендегі тізімнен таңдалуы мүмкін: MATH 407, MATH 411, MATH 440, MATH 441, MATH 446, MATH 449, MATH 477 және MATH 499.

Университеттің негізгі оқу бағдарламасы (UCCF) (78 кредит):
Қазақ тілі (KAZ)
PHIL 210 Этика
HST 100 Қазақстан тарихы
WCS 150 және 200 деңгейіндегі бір жазу курсы
Зерттеу әдістері (MATH 350)
Әлеуметтік ғылымдар (SOC, PLS, ANT немесе ECON)
Табиғи ғылымдар (PHYS, CHEM, BIO немесе GEOLOGY)
Математика (MATH 161)
Бағдарламалау (CSCI немесе басқа бағдарламалау курсы)
Бизнес (BUS)

Техникалық элективтер (18 кредит):
Техникалық электив – бұл келесі пәндерден таңдалған курс: BIOL, CHEM, ECON, PHYS, SEDS немесе SMG. Осы курстардың кемінде біреуі 300 деңгейінен жоғары болуы керек.

Жалпы элективтер (24 кредит):
Жоғарыда көрсетілген талаптарға қосымша, студенттер Назарбаев Университетінде ұсынылған кез келген курстарды өтуі тиіс, осылайша жалпы қажетті 240 ECTS кредитін жинауы қажет.
Математика саласындағы мансап
Біздің түлектеріміз келесі жұмыс орындарында еңбек етеді:
Біздің түлектеріміз келесі оқу орындарында өз білімін шыңдауында:
Қабылдау талаптары
Тілдік тест нәтижелерінің ең төменгі өту талаптары:

      

  Жазу 

Оқылым

  Тыңдалым

  Сөйлеу

Жалпы балл

  Academic IELTS

6.0

5.5

5.5

5.5

6.0

TOEFL iBT

ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;


Қосымша талаптар:
  • Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлеріне IELTS және TOEFL iBT ең төменгі талаптар жоқ
  • Конкурста тек superscoring-сіз IELTS/TOEFL тесті қарастырылады.
  • IELTS Online, IELTS Indicator немесе TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT конкурста қарастырылмайды.
  • IELTS/TOEFL тесттердің сертификаттары талапкер оқуға тапсырып жатқан тиісті академиялық жылдың 1-тамызына дейін қолданылу мерзімі аяқталмаған болса ғана жарамды болып есептелінеді. 2024 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылған тест нәтижелері конкурста қарастырылмайды.
  • IELTS жалпы балы 6,0 болатын бакалавриат бағдарламасына оқуға қабылдануға ұсынылған талапкерлер Университеттің ішкі құжаттары бойынша белгілі бір оқу шарттарына сәйкес келуі керек
Жалпы қабылдау талаптары

Жалпы талаптар

Ең төменгі өту талаптары

Қосымша

Ағылшын тілінің деңгейі

IELTS жалпы балл: 6.0.

Ең төменгі көрсеткіш: 6.0 - Жазу; 5.5 - Тыңдалым, Сөйлеу, Оқылым


немесе


ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы

Өз есебінен төленді;

IELTS/TOEFL емтихандары жоғары ұпайсыз қарастырылады;

IELTS/TOEFL емтихандарын тест орталығында (қашықтықтан емес) жеке тапсыру керек;

Жақсартылған тілдік емтихан нәтижелерін кейінірек жібере аласыз. Мерзімі веб-сайтта қол жетімді болады.

GPA немесе эквивалент**


және/немесе


ҰБТ ағылшын тілінде***

GPA: 4.0 из 5.0

ҰБТ:

1. Математикалық сауаттылық: 10 нан 8

2. Оқу сауаттылығы 10 нан 8

3. Жалпы балл: 85

*Бакалавриат бағдарламасына оқуға қабылдануға ұсынылған талапкерлер Университеттің ішкі құжаттары бойынша белгілі бір оқу шарттарына сәйкес келуі керек.

**Басқа бағалау шкалалары эквиваленттілік үшін GPA 5.0 шкаласына түрлендіру керек.

***Тек белгіленген мерзімге дейін ұсынылған соңғы сертификат қарастырылады. Superscoring қолданылмайды.

Қаржылай көмек және гранттар
NUET талапкерлері
NUET санаты бойынша ең төменгі қабылдау талаптары

Емтихан

 

NUET

Конкурсқа қатысу үшін 120 жалпы балл және 50,50 әр пән бойынша өту балл (Математика, Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары).

Ең төменгі балл алған талапкерлер NUFYP бағдарламасының конкурсына қарастырылуы мүмкін.

Сұхбат

Мектептің талабы бойынша


NUET (NU Entrance Test) – Назарбаев Университетінде білім алу үшін талапкердің академиялық дайындығы деңгейін анықтайтын тест
  • «Математика» және «Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары» пәндері бойынша білімі бағаланады.
  • Сұрақтар саны – 60.
  • Тест мазмұны– бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар.
  • Тест ұзақтығы – 120 минут. Ең төменгі өту баллы – Қабылдау комиссиясымен анықталады.
  • Емтихан нәтижесі 6 апта ішінде Жеке кабинетте орналастырылады.
  • Қабылдау емтихандарының тапсырмаларын, олардың ережелері мен ұзақтығын Тест әкімшілері өзгертуі мүмкін.
  • Емтиханға кіру рұқсаты туралы ақпарат талапкердің Жеке кабинетінде орналастырылады.
  • Тестіге бір апта қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны немесе формат туралы ақпарат, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.
  • Емтихан нәтижесі талапкердің Жеке кабинетінде сақталады және қосымша жеке электрондық поштасына жіберіледі. Егер тестілеуден өту ережелері немесе шарттары бұзылған болса, талапкердің нәтижелері жойылады. Бұл жағдайда, талапкер конкурстан шығарылады.
  • Тест нәтижелері бойынша апелляция көзделмеген.
  • NUET құны – 5 000 теңге.

SAT/ACT талапкерлері
SAT/ACT талапкерлеріне арналған ең төменгі қабылдау талаптары

Емтихан

 

Digital SAT*

немесе ACT

Digital SAT Reasoning Test – 1240

немесе

ACT – 26

Сұхбат

Мектептің талабы бойынша    

SAT/ACT тесттердің сертификаттары талапкер оқуға тапсырып жатқан тиісті академиялық жылдың 1-тамызына дейін қолданылу мерзімі аяқталмаған болса ғана жарамды болып есептелінеді. Конкурстық іріктеу шеңберінде SAT/ACT сертификаттардың қолданылу мерзімі екі жыл болып есептеледі. 2025 жылдың желтоқсан айынан кейін тапсырылған SAT/ACT нәтижелері қабылданбайды.
*SAT/ACT нәтижелері superscoring-сіз қарастырылады. 
**Конкурста тек Digital SAT тесті қарастырылады.

IВ Diploma иегерлері*
IВ Diploma иегерлері** бойынша ең төменгі қабылдау талаптары

Диплом

 

IB DP бойынша ең төменгі талаптар   

жалпы балл 30

және 4, 4, 5 балл жоғары деңгейдегі 3 пән бойынша

Сұхбат

Мектептің талабы бойынша   


*Осы санатта өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін IВ Diploma бойынша қорытынды нәтижелерін алған IВ Diploma иегерлері ғана конкурсқа қатыса алады (Конкурстық іріктеу шеңберінде IB диплом қолданылу мерзімі екі жыл болып есептеледі). Конкурста 2024 және 2025 жылдардағы дипломдар есептеледі
**IB Diploma иегерлері келесі санаттардың бірі бойынша конкурсқа қатыса алады: "SAT/ACT талапкерлері", “NUET талапкерлері” немесе “Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері” (аталған санаттарға қойылатын талаптарды сайттан қараңыз).

A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері*
A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері** бойынша ең төменгі қабылдау талаптары

Сертификат


A-level/NIS 12 Grade Certificate нәтижелері

Үш пәннен кем дегенде ABB (талапкер таңдауымен)

Сұхбат

Мектептің талабы бойынша


*Осы санатта, өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін A-level/NIS Grade 12 Certificate қорытынды нәтижелерін алған, A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері ғана конкурсқа қатыса алады (Конкурстық іріктеу шеңберінде A-level дипломдары және NIS Grade 12 Certificate-тардың қолданылу мерзімі екі жыл болып есептеледі). Конкурста 2024 және 2025 жылдардағы сертификаттарды есептеледі.
**A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері келесі санаттардың бірі бойынша конкурсқа қатыса алады:"SAT/ACT талапкерлері", “NUET талапкерлері” немесе “Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері” (аталған санаттарға қойылатын талаптарды сайттан қараңыз).

Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері
Бакалавриат бағдарламаларына конкурсқа «Олимпиада жеңімпаздары» санаты бойынша қатысуға арналған пәндік олимпиадалар тізімі*
Халықаралық пәндік олимпиадалар 
  • Математика бойынша халықаралық олимпиада (IMO) 
  • Физика бойынша халықаралық олимпиада (IPhO) 
  • Химия бойынша халықаралық олимпиада (IChO) 
  • Биология бойынша халықаралық олимпиада (IBO) 
  • Информатика бойынша халықаралық олимпиада (IOI) 
  • Арнайы мамандандырылған мектептердің математика, физика мен информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 
  • Мектеп оқушыларының химия бойынша Халықаралық Менделеев олимпиадасы 
Қазақстан Республикасының республикалық пәндік олимпиадалар тізімі 
  • Математика бойынша республикалық олимпиада 
  • Физика бойынша республикалық олимпиада 
  • Химия бойынша республикалық олимпиада 
  • Биология бойынша республикалық олимпиада 
  • Информатика бойынша республикалық олимпиада
*Конкурсқа республикалық олимпиада және халықаралық олимпиада жүлделерін қатар иеленген талапкерлер де қатыса алады. 

Халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын талапкерлер үшін барлық Мектептер бойынша ең төменгі қабылдау талаптары

Олимпиада түрі

Жүлделі орын

Сұхбат

Халықаралық пәндік олимпиада

Алтын, күміс немесе қола (I, II, III орын) – соңғы үш жылда

Қажет


Республикалық пәндік олимпиада

Алтын немесе күміс (I, II орын) – ағымдағы оқу жылында

2025–2026 оқу жылына үміткерлер үшін маңызды даталар
Онлайн өтінімдерді беру соңғы мерзімдері:
Жалпы қабылдау:
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: 2026 жылғы 24 шілде (14:00, Астана уақыты)
  • Алдын ала визаны рәсімдеуді талап ететін елдерден келген халықаралық азаматтары үшін: 2026 жылдың 1 маусымы (14:00, Астана уақыты)
  • Қазақстанға келу кезінде визаны рәсімдеуге болатын елдерден келген халықаралық азаматтары үшін: 2026 жылғы 24 шілде (14:00, Астана уақыты)
Қаржылай көмек және гранттар үшін соңғы мерзімдер:
  • NUET талапкерлері (NUFYP және бакалавриат бағдарламалары, халықаралық талапкерлерді қоса): 2025 жылғы 20 қараша   (14:00, Астана уақыты)
  • Халықаралық талапкерлер (тек бакалавриат бағдарламалары және NUFYP бағдарламасына SAT/ACT): 2026 жылғы 28 қаңтар (14:00, Астана уақыты) 
  • Басқа санаттар (тек бакалавриат бағдарламалары): 2026 жылғы 28 қаңтар   (14:00, Астана уақыты)
IELTS/TOEFL, SAT/ACT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімдері:
Жалпы қабылдау:
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: 2026 жылғы 24 шілде (23:59, Астана уақыты)
  • Алдын ала визаны рәсімдеуді талап ететін елдерден келген халықаралық азаматтары үшін: 2026 жылдың 1 маусымы (23:59, Астана уақыты)
  • Қазақстанға келу кезінде визаны рәсімдеуге болатын елдерден келген халықаралық азаматтары үшін: 2026 жылғы 24 шілде (23:59, Астана уақыты)
Қаржылай көмек және гранттар үшін соңғы мерзімдер:
  • NUET талапкерлері (NUFYP және бакалавриат бағдарламалары, халықаралық талапкерлерді қоса): 2025 жылғы 8 желтоқсан (23:59, Астана уақыты)
  • Халықаралық талапкерлер (тек бакалавриат бағдарламалары және NUFYP бағдарламасына SAT/ACT): 2026 жылғы 12 ақпан (23:59, Астана уақыты); SAT/ACT: 2026 жылғы 12 ақпан (23:59, Астана уақыты)
  • Басқа санаттар (тек бакалавриат бағдарламалары): IELTS/TOEFL: 2026 жылғы 12 ақпан (23:59, Астана уақыты); SAT/ACT: 2026 жылғы 12 ақпан (23:59, Астана уақыты). Соңғы SAT емтиханы: 2025 жылғы 6 желтоқсан. Соңғы ACT емтиханы: 2025 жылғы 13 желтоқсан
Бағдарлау аптасы: Тамыз 2026 ж.
Оқудың басталуы: Тамыз 2026 ж.
Оқу ақысы
Бакалавриат бағдарламасы

Бакалавриат бағдарламаларының оқу ақысы 2025/2026 оқу жылына жергілікті және халықаралық студенттер үшін $15,000 (7 665 000 теңге) құрайды.

Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Қабылдауға ұсынылатын үздік халықаралық үміткерлер Абай Құнанбаев атындағы стипендияға қарастырылу мүмкіндігі бар.
Қаржылық көмек және грант талаптары туралы толығырақ білу үшін nu.edu.kz сайтына кіріңіз.

Өтінімді қалай тапсыру керек?
Өтініш берушілер конкурсқа қатысу үшін онлайн тіркеуден өтуі тиіс:
1 - қадам. Жеке кабинет ашу
admissions.nu.edu.kz порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат» бағдарламасын таңдау кажет.
Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.

Жеке кабинетіңізде өтінім беру нұсқаулығымен міндетті түрде танысыңыз.

Іріктеу конкурсына келесі санаттарға жататын талапкерлер қатыса алады:
1. Орта білім беру ұйымдарының соңғы сынып оқушылары және техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы курс студенттері;
2. Жоғарғы оқу орындарының білім алушылары;
3. Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар адамдар.
2 - қадам. Өтінім нысанын толтыру

Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Foundation and Undergraduate Programs сілтемесін ашыңыз. Foundation and Undergraduate Application Form өтінім беру нысанын онлайн түрде толтырыңыз және оған қоса онлайн нысанға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді беріңіз. Өтінім беру нысаның барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.

3 - қадам. Қажетті құжаттарды тапсыру
Өтінім беру нысанын толтырғаннан кейін Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде мына құжаттарды жүктеу қажет:

1. Оқу орнынан берілетін анықтаманың (фотомен бірге) сканерленген көшірмесі (Жеке кабинетте 3 тілде ұсынылған үлгілердің біреуін таңдаңыз) немесе бар болған жағдайда қосымшасы бар аттестат/дипломның сканерленген көшірмесі.
2. Жеке куәліктің және/немесе паспорттың сканерленген көшірмесі. eGov немесе басқа порталдан/електрондық сервистерден алынған көшірме қарастырылмайды. Маңызды: қабылдау емтиханын тапсыру үшін талапкерде Жеке кабинетке жүктелген паспорттың немесе жеке куәліктің түпнұсқасы міндетті түрде болу керек;
Жеке кабинеттің «Profile» бөліміне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы фотоны жүктеңіз.
Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте орналасқан.
4 - қадам. Тіркелу жарнасын төлеу және өтінім беру
Өтінім беру процесін аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басыңыз. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.
Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде тіркелу жарнасы 3 есеге артады (30 000 тенге). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
Банк картасы болмаған жағдайда, талапкер басқа адамның картасын пайдалана алады.
Тіркелу аяқталғаннан кейін өтінім беру нысанына өзгерістер енгізу және жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес.

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкерлері Сіздің өтініміңіз бен құжаттарыңызды тексереді және қажет болған жағдайда, Сізге электрондық поштаңызға қандай құжаттарды және қай күнге дейін түзету керектігін хабарлайды. Толық емес және қате толтырылған (түзетілмеген) өтінімдер конкурста қарастырылмайды.

5 - қадам. IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну (тіркеу жарнасын төлеп, өтінім бергеннен кейін ғана)
Талапкерлер IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:
1. IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет;
2. Сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның бірегей нөмірін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, алайда Жеке кабинетке тек соңғы болып жүктелген сертификат қана қарастырылады.

IELTS/TOEFL сертификаттары суперскорингсіз қарастырылады.
Тест әкімшісі немесе Тест орталығы арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:
  • IELTS үшін код: NU, Admissions Department
  • TOEFL iBT үшін код: 6762
Талапкердің Жеке кабинетінде IELTS/TOEFL сертификатын тапсыру бойынша толық Нұсқаулықты оқыңыз.
  • Тілдік тесттер нәтижелерінің ең төменгі талаптарымен «Қабылдау емтихандары мен талаптары» бөлімінде танысуға болады.
  • Тест орталығында емес, қашықтықтан тапсыруды ұсынатын тест нәтижелері, атап айтқанда, IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері конкурста қарастырылмайды;
  • Тапсырылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2026 жылдың 1 тамызына дейін жарамды болу керек.
  • IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі «Маңызды күндер» бөлімінде көрсетілген.
IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
Алдағы қадамдар
NUET емтиханына 1-2 апта қалғанда электрондық поштаңызды тексеріңіз, себебі Сізге емтихандағы тәртіп ережелері, емтиханның өту орны мен уақыты туралы ақпарат жіберіледі.

Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.

Қазір өтініш беру
Оқуға түсу
Онлайн өтінімді беру үшін біздің қадамдық нұсқаулығымызды орындаңыз:

  1. Қабылдау талаптарымен танысыңыз
  2. «Өтінім беру» батырмасын басып, Университеттің қабылдау порталына өтіңіз
  3. Тіркелгі жасап, қажетті оқу деңгейі мен бағдарламаны таңдаңыз
  4. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз
  5. Тіркеу жарнасын төлеп, өтінім беру үдерісін аяқтаңыз
Оқуға түсу

Алғашқы қадам жаса.

Форманы толтырып, байланыс бастаңыз — біздің бағдарлама мамандарының бірі сізбен тікелей хабарласады. Сондай-ақ, сіз біздің ақпараттық материалдарды жүктеу сілтемесін және бағдарламалар туралы толық мәліметі бар хаттарды аласыз

Алғашқы қадам жаса →