Химия департаменті
БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Химия бойынша бакалавриат бағдарламасы Химия және басқа да байланысты салалардағы кәсіби қызметке дайындалып жатқан, сондай-ақ химия мамандығы бойынша аспирантурада оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған студенттерге арналған. Студенттер негізгі пәндер бойынша бірнеше дәріс және зертханалық курстардан өтуі керек (Органикалық химия, Бейорганикалық химия, Физикалық химия, биологиялық химия және аналитикалық химия). Химия бойынша бакалавриат бағдарламасының оқу жоспары американдық химия қоғамының (ACS) және корольдік химия қоғамының (RSC) ұсыныстарына сәйкес келеді. Бағдарлама Қазақстан Республикасында қабылданған "Болон процесінің" бірінші цикліне сәйкес келетіндей етіп құрылған. Студенттерден академиялық жылы 1500-1800 сағаттық жүктеме талап етіледі. Сонымен қатар, студенттер озық ғылыми жобаларға қатысудың бірегей мүмкіндігіне ие болады, бұл оларға күрделі мәселелерді шешуге бағытталған топтық жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Негізгі зертханалық дағдыларды алудан басқа, студенттер аспирантураға түсуге және өнеркәсіпте немесе ғылыми ортада жұмыс істеуге дайындалады, сыни ойлауды, эксперименттерді жоспарлау мен жүргізудегі тәуелсіздікті, сондай-ақ эксперименттік деректерді талдауды дамытады.

Егер сіз бағдарламаға өтініш бергіңіз келсе немесе қабылдау шарттары туралы көбірек білгіңіз келсе, сілтемеге өтіңіз!

Химия бакалавриат бағдарламасына қатысты сұрақтар бойынша бакалавриат бағдарламасының жетекшісі Тимур Атабаевқа хабарласыңыз.
Департамент сұрақтары бойынша департамент меңгерушісі Весселин Пауновқа хабарласыңыз.
ОҚУ ЖОСПАРЫ