Ағылшын тілінің талаптары Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
- IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
- Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
- ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
- Назарбаев Университетінің студенттер
Академиялық талаптар:- Бакалавр дәрежесі (бакалавр дәрежесі немесе оған теңестірілген дәреже). Өтініш беру кезеңінде соңғы оқу жылының студенттері комиссияның қарауы үшін ресми ағымдағы транскрипт ұсына алады.
- CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
- Жеке эсседе көрсетілгендей бағдарламаға жоғары мотивация және үлкен қызығушылық;
- Түйіндеме;
- Үш ұсыныс хат.