Магистратура бағдарламалары
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі жеті магистратура бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарламалар ұлттық және жаһандық міндеттерді шешу үшін жоғары білікті мамандардың келесі буынын дайындауға арналған.
prospectus
АКАДЕМИКАЛЫҚ КҮНТІЗБЕ
Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің саясаттану саласындағы озық ғалымдарды дайындауға бағытталған магистратураның қолданбалы бағдарламасы болып табылады. Бұл сондай-ақ елімізде алғашқылардың бірі болып саясаттану саласындағы ағылшын тілінде оқытылатын магистратура бағдарламасы.

Оқу мерзімі: 2 жыл
Құжаттарды тапсыру мерзімі:
  • Шетел азаматтары үшін:
  • ҚР азаматтары үшін:
Оқытушы-профессорлар құрамына саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы белгілі мамандар, сондай-ақ Солтүстік Америка, Еуропа, Африка және Азия елдерінен келген профессорлары кіреді, олардың көпшілігі американдық және еуропалық университеттерден алынған докторлық дәрежелерге ие мамандар.

Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің көптеген магистрлік бағдарламалары сияқты саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы магистратура бағдарламасы жеке тұлғаға бағытталған тәсіл негізінде жүзеге асырылады. Бұл студенттерге оқыту процесі (зерттеу жобаларын қоса алғанда) және басқа да академиялық мәселелер бойынша сапалы ұсыныстар алу үшін оқытушыларға тікелей қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ағылшын тілінің талаптары

Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
  • Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

  • ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
  • Назарбаев Университетінің студенттер

Академиялық талаптар:
  • Бакалавр дәрежесі (бакалавр дәрежесі немесе оған теңестірілген дәреже). Өтініш беру кезеңінде соңғы оқу жылының студенттері комиссияның қарауы үшін ресми ағымдағы транскрипт ұсына алады.
  • CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
  • Жеке эсседе көрсетілгендей бағдарламаға жоғары мотивация және үлкен қызығушылық;
  • Түйіндеме;
  • Екі ұсыныс хат.
Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы магистратура бағдарламасының түлектері мынадай салалардағы мансапқа дайын болады:
  • Халықаралық қатынастар
  • Үкімет секторы
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік саясат
  • Білім
Курстар
  • PLS 550 - Халықаралық қатынастардағы негізгі семинар
  • PLS 540 - Салыстырмалы саясаттағы негізгі семинар
  • PLS 511 - Жетілдірілген зерттеулер I
  • PLS 510 - Жетілдірілген зерттеулер II
  • PLS 596 – Дипломдық жұмысты дайындау
  • PLS 597 – Диссертацияға арналған зерттеулер
  • PLS 598 – Дипломдық жұмыс I
  • PLS 599 – Дипломдық жұмыс II

Жергілікті және халықаралық студенттерге жеткілікті қаржыландыру қол жетімді, олардың көпшілігі толық грант пен стипендия алады.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Кеңес керек пе?
Деректеріңізді қалдырыңыз, біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.