SSH IREC
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің институционалдық зерттеу этикасы жөніндегі комитеті

**Бұл бет тек бакалавр және магистратура студенттеріне арналған. Профессорларға осы парақша ұсынылады.**

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің институционалдық зерттеу этикасы жөніндегі комитеті (SSH IREC) Назарбаев Университетінде адам қатысатын зерттеулер жүргізетін біздің мектебіміздің студенттері үшін зерттеу этикасының стандарттары бойынша оқыту мен қадағалауға жауапты. SSH IREC-тің негізгі міндеті — Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің студенттері жүргізетін зерттеулерге қатысатын барлық адамдардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау және студенттік ізденістердің этикасын ең жоғары халықаралық стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету. Аталған стандарттарға және Назарбаев Университетінің зерттеу этикасына қатысты институционалдық саясаттарына сәйкес, адам қатысатын барлық SSH студенттік зерттеу жобалары SSH IREC тарапынан міндетті түрде қаралып, бекітілуі тиіс.

SSH IREC қазіргі уақытта барлық өтінімдерді осы веб-парақша арқылы қабылдайды. SSH IREC енді Word немесе PDF форматындағы «IREC Application Form» құжаттарын қабылдамайды. SSH студенттері өтінім материалдарын sshirec@nu.edu.kz немесе resethics@nu.edu.kz электрондық поштасына жібермеуі тиіс. SSH IREC өтінім нысандарына сілтемелер төмендегі «SSH IREC өтінімін тапсыру нұсқаулығы» бөлімінде көрсетілген.

SSH IREC адам қатысатын зерттеулерді қорғау талаптарын ескере отырып, зерттеу хаттамаларын бекітуге, өзгертуге немесе бекітуден бас тартуға құқылы. Егер ұсынылған ақпарат негізінде SSH IREC өтінімнің мәртебесін анықтай алмаса, өтінім қосымша ақпарат сұрау арқылы зерттеушіге қайтарылады. Зерттеушінің мүддесі үшін өтінімде толық әрі нақты ақпарат беру маңызды. Қарау үдерісіндегі кідірістер көбінесе зерттеуші SSH IREC сараптама жүргізуі үшін қажетті мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда немесе емле, грамматика және тыныс белгілеріндегі қателер жоба мен қатысушылар туралы ақпараттың анық әрі түсінікті берілуіне кедергі келтірген кезде туындайды.

IREC терминологиясы, талаптары, қарау рәсімдері және басқа да пайдалы тақырыптар бойынша толығырақ ақпарат алу үшін, осы сілтеме арқылы Назарбаев Университетінің Институционалдық зерттеу этикасы жөніндегі комитетінің веб-сайтындағы 5-бөлімге жүгініңіз.

Зерттеу жобаңызға SSH IREC мақұлдауы қажет болуы мүмкін деп ойлайсыз ба? Мұны анықтау үшін осы қарапайым нысанды толтырыңыз.