Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Академиялық және студенттік істер офисі мектеп студенттеріне оқу үрдісіне байланысты барлық мәселелерде қолдау көрсетеді.
Біздің маман кеңесшілеріміз студенттерге пәндерді таңдау, бас мамандық таңдау, магистратура және мансапқа дайындық, оқу үлгерімін жетілдіру үшін мағлұмат табу, және академиялық саясатты түсіну, т.б. секілді оқу барысында туындайтын сұрақтарда жәрдем көрсетеді.
Оған қоса, психологиялық қолдау көрсету және тәжірибе алу немесе шет елдерде оқу мүмкіндіктерін іздеуде септігі тиетін кампустағы орталықтарға кеңес сұрауға жіберуге әрқашан дайынбыз.
Міндеттері:
Академиялық мобильділік бағдарламасы
Студенттік келісімдер
Студенттердің оқудан шығуы
Курсты бағалау
Студенттік саяхат комитеті