Экономика департаменті

Экономика бакалавриат бағдарламасы туралы ақпарат

Экономика бойынша бакалавриат бағдарламасы жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіндегі ең жылдам дамып келе жатқан бағдарламалардың бірі. Ол макроэкономика, микроэкономика, ойын теориясы және эконометрика саласындағы теориялық және қолданбалы үздік Батыс бағдарламалары деңгейінде тамаша дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша, бағдарлама студенттерді жеке секторда, Үкіметте табысты мансап үшін теориялық білім мен практикалық дағдылармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ экономика, бизнес әкімшілігі бойынша магистратурада немесе экономикадағы берік тәжірибе артықшылық болып табылатын басқа салаларда, мысалы, халықаралық қатынастарда немесе корпоративтік құқықта оқуға бағытталған.

Экономист студенттер экономиканың стандартты мамандануын немесе оның математиканы тереңдетіп оқытатын нұсқасын таңдай алады. Математикалық нұсқа нарықтың күрделі мінез-құлқын модельдеу және болжау кезінде пайдалы болатын күрделі әдістер бойынша қосымша дайындықты қамтамасыз етеді.
Байланыстар:

Профессор Дана Базаркулова, PhD, бакалавриаттың оқу бағдарламасының директоры,
Офис: 8.507b
Телефон : +7(717)270-5744
dana.bazarkulova@nu.edu.kz