Жаһандық істер және Еуразиялық зерттеулер бойынша өнер магистрі
(SOAS-пен бірлескен дәреже)

Әлем бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен өзгеріп келеді.
Біз күрделі әрі белгісіз заманда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ дәл осы кезең — жаңа байланыстар, өзара түсіністікке, және ынтымақтастыққа толы дәуір.
Осы өзгерістердің өзегінде Еуразия жатыр — энергия мен сауда, қауіпсіздік пен технология, мәдениет пен идеялар тоғысқан кең әрі серпінді аймақ. Бүгінгі жаһандық тәртіпті түсіну үшін — Еуразияны түсіну қажет.
NU (Астана) мен Лондон университетінің Шығыс және Африка зерттеулері мектебі (SOAS) бірлесіп ұсынған «Жаһандық істер және Еуразиялық зерттеулер» магистрлік бағдарламасы — Еуразия аймағына жол ашатын ерекше мүмкіндік. Бұл — заманауи білім мен халықаралық тәжірибені біріктіретін бірегей ынтымақтастық.
Бұл бағдарлама аясында сіз жаһандық және өңірлік күштердің өзара әрекетін зерттейсіз — дипломатия мен қауіпсіздіктен бастап, экология, энергетика және мәдениетке дейін. Сіз сыни тұрғыдан ойлауды дамытып, қалыптасқан түсініктерді қайта қарауға және жалған ақпаратты ажырата білуге үйренесіз.
Бірлескен магистрлік бағдарламаны тәмамдаған түлектер дипломатия, халықаралық ұйымдар, зерттеу орталықтары және академиялық ортада пікірталастарды қалыптастыруға, ал алған білімдері мен дағдыларын жаһандық әсерге айналдыруға қабілетті маман болып шығады.
Академиялық құрылым бірінші семестрді SOAS-та өткізуді қамтиды, онда студенттер Орталық Азия мен Кавказ бойынша негізгі модульді және үш таңдау пәнін оқиды. Екінші семестрде студенттер NU-да оқуын жалғастырып, тағы бір негізгі модуль мен саясат және Еуразиялық зерттеулер бойынша қосымша пәндерді өтеді, сондай-ақ дипломатиялық немесе үкіметтік емес ұйымдарда тәжірибеден өтеді (кредит берілетін тағылымдама). Әр студентке екі университеттен ғылыми жетекші тағайындалып, 10 000 сөздік диссертация жазуға қолдау көрсетіледі.
Жалпы ақпарат
Оқыту және оқу процесі
Бағдарламаның оқыту тілі — ағылшын тілі. Осы бағдарламаны оқу барысында сіз келесі нәтижелерге қол жеткізесіз:
Оқыту мақсаттары