Бағдарлама туралы
Химия бойынша бакалавриат бағдарламасы Химия және басқа да байланысты салалардағы кәсіби қызметке дайындалып жатқан, сондай-ақ химия мамандығы бойынша аспирантурада оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған студенттерге арналған. Студенттер негізгі пәндер бойынша бірнеше дәріс және зертханалық курстардан өтуі керек (Органикалық химия, Бейорганикалық химия, Физикалық химия, биологиялық химия және аналитикалық химия). Химия бойынша бакалавриат бағдарламасының оқу жоспары американдық химия қоғамының (ACS) және корольдік химия қоғамының (RSC) ұсыныстарына сәйкес келеді. Бағдарлама Қазақстан Республикасында қабылданған "Болон процесінің" бірінші цикліне сәйкес келетіндей етіп құрылған. Студенттерден академиялық жылы 1500-1800 сағаттық жүктеме талап етіледі. Сонымен қатар, студенттер озық ғылыми жобаларға қатысудың бірегей мүмкіндігіне ие болады, бұл оларға күрделі мәселелерді шешуге бағытталған топтық жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Негізгі зертханалық дағдыларды алудан басқа, студенттер аспирантураға түсуге және өнеркәсіпте немесе ғылыми ортада жұмыс істеуге дайындалады, сыни ойлауды, эксперименттерді жоспарлау мен жүргізудегі тәуелсіздікті, сондай-ақ эксперименттік деректерді талдауды дамытады.

Химия бакалавриат бағдарламасына қатысты сұрақтар бойынша бакалавриат бағдарламасының жетекшісі Тимур Атабаевқа хабарласыңыз.
Департамент сұрақтары бойынша департамент меңгерушісі Весселин Пауновқа хабарласыңыз.
Бағдарламаның оқу нәтижелері
  1. Негізгі қағидаттарды, математикалық құралдарды және тәжірибелік дағдыларды біріктіре отырып, ғылыми және техникалық міндеттерді анықтау, тұжырымдау және шешу.
  2. Ғылыми әдістерді қолданып, нақты мақсаттары, айқын міндеттері және тәуекелдерді талдауы бар жүйе немесе үдеріс жобасын әзірлеу; қойылған нәтижелерге жету үшін кәсіби команда құрамында жобаларға қатысу.
  3. Химияның барлық бағыттарында гипотезаларды тексеру, деректерді терең талдау, нәтижелерді түсіндіру және қорытынды жасау үшін кең ауқымды тәжірибелік және теориялық тәсілдерді пайдалану.
  4. Этикалық және кәсіби мінез-құлық нормаларын сақтай отырып, химиялық зерттеу нәтижелері мен техникалық шешімдердің жаһандық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік деңгейлердегі әсерін түсіну.
  5. Химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін тиісті рәсімдер мен ережелерді қолдану, сондай-ақ адамдарға, мүлікке және қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін қауіпті жағдайлар мен әрекеттерді анықтау, тану және бағалау.
  6. Зерттеу нәтижелерін кең аудиторияға тиімді жеткізу үшін коммуникативтік дағдыларды дамыту, ғылыми әдебиеттердегі заманауи үрдістерді талдау және ғылыми жазу шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның білім беру мақсаттары
Түлектер оқу бітіргеннен кейін үш–бес жыл ішінде келесі бағыттарда жетістікке жетуге ұмтылады:
  1. Химия және оған байланысты салалардағы білімін пайдалана отырып, зерттеу, білім беру, өнеркәсіп немесе кәсіпкерлік бағыттарында ғылыми және технологиялық тұрғыдан құзыретті, этикалық маман ретінде табысты мансап қалыптастыру;
  2. Технологиялық инновацияларға, білімге негізделген экономиканың дамуына және Қазақстан мен жаһандық қоғамда ғылыми негізделген саясаттарды әзірлеуге өз үлесін қосу;
  3. Күрделі әрі тез өзгеріп жатқан ғылыми, технологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін кәсіби дамуын үздіксіз жалғастыру және біліктілігін арттыру;
  4. Академиялық, кәсіби және қоғамдық ортада көшбасшылық қасиеттерді, тиімді коммуникацияны және пәнаралық ынтымақтастықты көрсету.
Химия бойынша minor (қосымша дәреже)
Химия мамандығын таңдағысы келетін (әлде химия мамандығы емес студенттер) 48 ECTS кредит көлемінде келесі мамандандыру міндетті курстардан өтуі керек:
  • General Chemistry I and II
  • Organic Chemistry I and II
  • Quantitative Chemical Analysis
  • Descriptive Inorganic Chemistry
  • Physical Chemistry I or Biochemistry I
Оқу жоспары
Химия саласындағы мансап
Өнеркәсіп:
· Фармацевтика: Денсаулықты сақтауды жақсарту үшін жаңа дәрі-дәрмектер мен препараттарды әзірлеу.
· Химиялық өндіріс: Әртүрлі салаларда қолданылатын химиялық заттарды өндіруге қатысу.
· Материалтану: Техника, құрылыс және т.б. үшін материалдарды әзірлеу және жетілдіру.
· Қоршаған орта химиясы: Химиялық заттардың экожүйеге әсерін зерттеу арқылы экологиялық мәселелерді шешу.
Денсаулық сақтау:
· Медициналық химия: Фармацевтикалық препараттарды әзірлеуге және синтездеуге қатысу.
· Клиникалық химия: Диагностикалық мақсатта емделушілердің үлгілерін талдау арқылы зертханаларда жұмыс істеу.
Академиялық қызмет:
· Оқыту және зерттеу: Ғалымдардың келесі буынын оқыту және зерттеу арқылы білімнің дамуына үлес қосу. Академиядағы мансап көбінесе магистр немесе философия докторы сияқты жоғары дәрежеге ие болуды және ғылыми журналдарда зерттеулер жариялауды қамтиды.
Мемлекеттік және реттеуші органдар:
· Химиялық қауіпсіздік: Әртүрлі салаларда химиялық заттарды қауіпсіз пайдалануды және өңдеуді қамтамасыз ету.
· Қоршаған ортаны қорғау: Қоршаған ортаны сақтауға бағытталған саясат пен нормативтік актілерді әзірлеуге жәрдемдесу.
· Криминалистика: Қылмыстарды ашу және заңды тергеу кезінде химиялық талдауды қолдану.
Кәсіпкерлік:
· Стартаптар: Тұрақты химия, инновациялық материалдар немесе мамандандырылған аналитикалық қызметтер сияқты салаларға назар аудара отырып, өз компанияңызды құру.
· Консалтинг: Химиялық процестер, қауіпсіздік және норманы сақтау бойынша кеңестерге мұқтаж кәсіпорындар мен салаларға сараптамалық қызметтерді ұсыну.
Қызықтырса, төменде қабылдау туралы ақпарат берілген
  • Қабылдау талаптары
    Бағдарламаңызға қойылатын жалпы қабылдау талаптарымен және маңызды күндермен танысыңыз.
    Талаптарды көру →
  • Оқу ақысы
    Бағдарламаның оқу ақысымен және оған не кіретінімен танысыңыз.
    Оқу ақысын көру →
  • Қаржылық қолдау
    Абитуриенттерге қолжетімді қаржылық қолдаумен және үздік жетістіктерге арналған шәкіртақылармен танысыңыз.
    Қаржылық қолдау туралы білу →
Өтінімді қалай тапсыру керек?
Өтініш берушілер конкурсқа қатысу үшін онлайн тіркеуден өтуі тиіс:
1 - қадам. Жеке кабинет ашу
admissions.nu.edu.kz порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат» бағдарламасын таңдау кажет.
Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.

Жеке кабинетіңізде өтінім беру нұсқаулығымен міндетті түрде танысыңыз.

Іріктеу конкурсына келесі санаттарға жататын талапкерлер қатыса алады:
1. Орта білім беру ұйымдарының соңғы сынып оқушылары және техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы курс студенттері;
2. Жоғарғы оқу орындарының білім алушылары;
3. Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар адамдар.
2 - қадам. Өтінім нысанын толтыру

Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Foundation and Undergraduate Programs сілтемесін ашыңыз. Foundation and Undergraduate Application Form өтінім беру нысанын онлайн түрде толтырыңыз және оған қоса онлайн нысанға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді беріңіз. Өтінім беру нысаның барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.

3 - қадам. Қажетті құжаттарды тапсыру
Өтінім беру нысанын толтырғаннан кейін Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде мына құжаттарды жүктеу қажет:

1. Оқу орнынан берілетін анықтаманың (фотомен бірге) сканерленген көшірмесі (Жеке кабинетте 3 тілде ұсынылған үлгілердің біреуін таңдаңыз) немесе бар болған жағдайда қосымшасы бар аттестат/дипломның сканерленген көшірмесі.
2. Жеке куәліктің және/немесе паспорттың сканерленген көшірмесі. eGov немесе басқа порталдан/електрондық сервистерден алынған көшірме қарастырылмайды. Маңызды: қабылдау емтиханын тапсыру үшін талапкерде Жеке кабинетке жүктелген паспорттың немесе жеке куәліктің түпнұсқасы міндетті түрде болу керек;
Жеке кабинеттің «Profile» бөліміне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы фотоны жүктеңіз.
Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте орналасқан.
4 - қадам. Тіркелу жарнасын төлеу және өтінім беру
Өтінім беру процесін аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басыңыз. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.
Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде тіркелу жарнасы 3 есеге артады (30 000 тенге). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
Банк картасы болмаған жағдайда, талапкер басқа адамның картасын пайдалана алады.
Тіркелу аяқталғаннан кейін өтінім беру нысанына өзгерістер енгізу және жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес.

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкерлері Сіздің өтініміңіз бен құжаттарыңызды тексереді және қажет болған жағдайда, Сізге электрондық поштаңызға қандай құжаттарды және қай күнге дейін түзету керектігін хабарлайды. Толық емес және қате толтырылған (түзетілмеген) өтінімдер конкурста қарастырылмайды.

5 - қадам. IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну (тіркеу жарнасын төлеп, өтінім бергеннен кейін ғана)
Талапкерлер IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:
1. IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет;
2. Сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның бірегей нөмірін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, алайда Жеке кабинетке тек соңғы болып жүктелген сертификат қана қарастырылады.

IELTS/TOEFL сертификаттары суперскорингсіз қарастырылады.
Тест әкімшісі немесе Тест орталығы арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:
  • IELTS үшін код: NU, Admissions Department
  • TOEFL iBT үшін код: 6762
Талапкердің Жеке кабинетінде IELTS/TOEFL сертификатын тапсыру бойынша толық Нұсқаулықты оқыңыз.
  • Тілдік тесттер нәтижелерінің ең төменгі талаптарымен «Қабылдау емтихандары мен талаптары» бөлімінде танысуға болады.
  • Тест орталығында емес, қашықтықтан тапсыруды ұсынатын тест нәтижелері, атап айтқанда, IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері конкурста қарастырылмайды;
  • Тапсырылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2026 жылдың 1 тамызына дейін жарамды болу керек.
  • IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі «Маңызды күндер» бөлімінде көрсетілген.
IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
Алдағы қадамдар
NUET емтиханына 1-2 апта қалғанда электрондық поштаңызды тексеріңіз, себебі Сізге емтихандағы тәртіп ережелері, емтиханның өту орны мен уақыты туралы ақпарат жіберіледі.

Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.

Қазір өтініш беру
Оқуға түсу
Онлайн өтінімді беру үшін біздің қадамдық нұсқаулығымызды орындаңыз:

  1. Қабылдау талаптарымен танысыңыз
  2. «Өтінім беру» батырмасын басып, Университеттің қабылдау порталына өтіңіз
  3. Тіркелгі жасап, қажетті оқу деңгейі мен бағдарламаны таңдаңыз
  4. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз
  5. Тіркеу жарнасын төлеп, өтінім беру үдерісін аяқтаңыз
Оқуға түсу

Алғашқы қадам жаса.

Форманы толтырып, байланыс бастаңыз — біздің бағдарлама мамандарының бірі сізбен тікелей хабарласады. Сондай-ақ, сіз біздің ақпараттық материалдарды жүктеу сілтемесін және бағдарламалар туралы толық мәліметі бар хаттарды аласыз

Алғашқы қадам жаса →