News

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2026 жылдың 20 наурызында Назарбаев Университеті Қазақ тілі және түркітану кафедрасы «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар: қоғамдық құндылықтар дискурсы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді. Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, Республикамыздың ЖОО оқытушылары, ҒЗИ ғалымдары, докторанттар мен магистранттар қатыса алады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1) Постколониялық дискурстың линвистикалық аспектілері
2) Әдебиеттану ғылымындағы постколониялық ізденістер
3) Түркітану ғылымы: мәдени және тарихи сабақтастық
4) Қоғамдық құндылықтардың тарихи, антропологиялық және философиялық негіздері

Форматы: офлайн, онлайн
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, ағылшын, орыс
Өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53. Назарбаев Университеті
Өтетін күні: 20 наурыз, 2026 жыл
Өтетін уақыты: 9.00-18.00
Аңдатпа тапсырудың соңғы мерзімі: 20 ақпан, 2026 жыл

Аңдатпаға қойылатын жалпы талаптар:
  • аңдатпа көлемі: 250-300 cөз (тек электронды нұсқада қабылданады);
  • шрифт: Times New Roman, кегль – 14;
  • аралық интервал: 1, барлық жиектердің ені: 2 см;
  • жіберілетін құжаттың атауын мына үлгіде сақтау керек: «аңдатпа_тегі, аты»;
  • аңдатпа мен өтінім парағын kazltconference@nu.edu.kzпоштасына жіберу.

Аңдатпаның құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар:
  • тақырыбы (жол ортасына; бас әріптермен);
  • автордың аты-жөні (жол ортасына);
  • ұйымның толық ресми атауы, орналасқан жері, елі (жол ортасына);
  • авторлардың электрондық поштасы (жол ортасына);
  • конференцияның бағыты/секциясы;
  • аңдатпа мазмұнында зерттеу өзектілігін, мақсатын, әдістерін, нәтижелерін көрсету;
  • аңдатпадан соң 4-6 кілт сөздер ұсыну;
  • аңдатпа, кілт сөздері қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жіберілуі керек.

2026 жылдың 20 ақпаннан кешіктірілген және талапқа сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды. Баяндама авторлары ұсынылған материалдардың мазмұны мен сауаттылығына жауап береді.

Қатысу және тіркелу тәртібі:
  • конференцияға қатысу тегін;
  • аңдатпасы сараптамадан өткен авторлар ғана тіркеледі;
  • аңдатпасы қабылданған авторлар поштасына хабарлама, шақыру хат жіберіледі.

Конференцияға қабылданған аңдатпалар жинағы PDF форматында жарық көреді және әр қатысушының поштасына жіберіледі. Конференция соңында баяндамашыларға қатысқандығы туралы сертификат беріледі.

Ұйымдастыру комитеті: Назарбаев Университеті, Қазақ тілі және түркітану кафедрасы.

Байланыс ақпараттары:
пошта: kazltconference@nu.edu.kz;
телефон: +7 (7172) 70-59-35
Жаңалықтар