Жаһандық қатынастардағы заманауи мәселелер

Жаһандық қатынастардағы заманауи мәселелер

 

Курстың сипаттамасы: Жаһандық қатынастардағы заманауи мәселелер (CIGA) – бұл есептелмейтін курс, онда студенттер саясаттанушылардың Қазақстан мен Орталық Азия үшін аса өзекті әлем алдында тұрған заманауи сын-қатерлерді қалай талдайтыны туралы біледі. Курс аясында қарастырылатын тақырыптар тізімі келесілерден тұруы мүмкін

  • Сириядағы қақтығысты талдау үшін кеңес-ауған соғысы дәрістері
  • Өңірлік сауда келісімдері: Еуразиялық экономикалық одақ
  • Жаһандану: Негізгі көрсеткіштер, тенденциялар мен сын-қатерлер
  • Халықаралық валюта қоры: Несиелеу және шарттары
  • Көпжақты даму банктері
  • География және қақтығыстар (Мемлекетаралық және мемлекетішілік)
  • Халықаралық қақтығыстар процестері
  • Қауіпсіздік дилеммасы: Альянстар мен қару жарысы
  • Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мүмкіндіктерін шетелдік көмекті тарту үшін пайдалану
  • Тұрақты даму және сауда саясаты
  • Тұрақты даму мақсаттары және сыртқы саясат
  • Жұмсақ күш және дамушы экономика
Курс ұзақтығы 5 күн
Нұсқаушылар Саясаттану және Халықаралық қатынастар кафедрасының профессорлық құрамы
Курс өтетін уақыт
Байланыс ақпараты atrochev@nu.edu.kz
Курс бағасы 195 000 теңге

Курстың мақсаттары:

  1. аясаттанушылардың Қазақстан мен Орталық Азия үшін ерекше маңызы бар әлем алдында тұрған заманауи сын-қатерлерді қалай талдайтынын білу
  2. Халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдар қолданатын талдамалық тәсілдер туралы білу
  3. Халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдар қолданатын ғылыми жобалар туралы білу.

Курс бойынша оқу нәтижелері:

Курс соңында студенттер:

  1. Қазақстан мен Орталық Азияға қатысы бар әлемдік саясаттағы заманауи сын-тегеуріндермен таныс бола алады
  2. Осы мәселелерді зерттейтін ғалымдардың талдамалық тәсілдерімен таныс бола алады
  3. Ғалымдар осы мәселелерді зерттеу үшін пайдаланатын зерттеу жобаларымен таныс бола алады