Оқуға түсу

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (ГӘҒМ) үш магистерлік бағдарламаны ұсынады: өнертану магистрі және еуразиялық зерттеулердегі әлеуметтік ғылымдар, саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар саласындағы өнер және әлеуметтік ғылымдар магистрі және экономикадағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі. Бағдарламалар еуразиялық зерттеулер, саясаттану және халықаралық қатынастар, сондай-ақ ұлттық және ғаламдық проблемаларды шешу үшін экономикалық мәселелер бойынша жоғары білікті мамандардың келесі буынын оқытуға арналған. Магистранттар халықаралық деңгейде мойындалған , ғылыми және педагогикалық қызметте жетістіктерге талпынатын оқытушылар оқытады.

Өзге елдерден келген үміткерлерге конкурстық негізде оқу үшін айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған және белгілі бір стипендия беріледі.

Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы өнер және ғылым магистрі

  • Қазақстандағы саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы алғашқы ағылшын тілі бағдарламасы.
  • 2 жылдық магистратура ағылшын тілінде оқытылады және шетелде оқуға мүмкіндігі бар
  • Солтүстік Америка, Еуропа, Африка және Азиядан шақырылған және  әлемде танылған мұғалімдер, сондай-ақ Солтүстік Америка немесе Еуропа университеттерінің PhD докторлары.
  • Бағдарламаға АҚШ-тың Висконсин-Мэдисон (АҚШ) университетінің саясаттану кафедрасы белсенді қолдау көрсетеді және консультация береді.   Бұл университет ұлттық рейтингте 15-орынды иеленіп отыр.
  • Үкіметте, халықаралық ұйымдарда, академияларда немесе менеджмент пен саясатпен байланысты басқа да салаларда мансаптық өсу үшін академиялық білімді жетілдіру
  • Заманауи қолайлы, зертханалық, кітапханалық, спорттық орталықпен, қажет болған жағдайда тұрғын үймен қамтамасыз етіледі және Қазақстан азаматтары үшін ай сайын 100 000 теңге көлемінде стипендия беріледі.
  • Шетелдік студенттер үшін конкурстық негізде стипендиялар және жеңілдіктер беріледі.


Экономика және ғылым саласындағы магистрі (MAE)

  • Батыс экономикасы бакалавриат түлектеріне арналған бағдарлама
  • 2 жылдық магистратура толығымен ағылшын тілінде
  • Солтүстік Америка, Еуропа, Африка және Азиядан әлемге әйгілі мұғалімдер
  • Висконсин-Мэдисон Университетімен (АҚШ) стратегиялық әріптестік арқылы кеңес беру және қолдау
  • Кампуста заманауи қолайлы, зертханалық, кітапханалық және спорттық орталықтары бар.
  • Студенттерге қаржылай қолдау - магистранттардың оқу барысында ай сайын стипендия алады (тек Қазақстан азаматтары үшін).


Еуразиялық зерттеулердегі өнер және әлеуметтік ғылымдар магистрі

  • Қазақстан мен Еуразиядағы аймақтарды зерттеудің бірінші пәнаралық бағдарламасы
  • ECTS бойынша 120 кредит бойынша 2 жылдық жалпы ағылшындық магистратура бағдарламасы.
  • Әлемдік танымал мұғалімдер
  • Висконсин-Мэдисон Университетінің (АҚШ) кеңес беру және белсенді әріптестік қолдау.
  • Еуразияның мәдениеті, тілі, тарихы, қоғамдастықтары, қоғамы мен саясаты туралы білудің керемет мүмкіндігі
  • Орта Азия, Ресей, Шығыс Еуропа, Моңғолия, Синьцзян және Оңтүстік Азия, Қытай және Таяу Шығыстың көршілес өңірлерінен бес постсоветтік мемлекеттерді қамтиды.
  • Антропология, экономика, тарих, әдебиет, шығыстану, философия, саясаттану және әлеуметтану пәндерін қамтитын еуразиялық тәжірибемен ғалымдардың артықшылығы жоқ концентрациясы
  • академиялық, мемлекеттік, халықаралық ұйымдарда, академияларда немесе басқа да салаларда мансаптық өсу үшін қосымша академиялық дайындық
  • Астана, Еуразияның жүрегінде, мұрағаттарға, далалық жұмыстарға, мемлекеттік мекемелерге, халықаралық ұйымдарға және шетел дипломаттарына бұрын-соңды болмаған зерттеуді үйрену
  • Қазіргі заманғы қолайлы, зертхана, кітапхана және спорт орталықтарымен қамтылған және ай сайын стипендиямен (тек Қазақстан азаматтары үшін) беріледі.
  • «Еуразиялық зерттеулер магистрі» дипломы


Биология ғылымдары және технологиялары саласының ғылым магистрі

Биология ғылымы бүкіл әлемде серпінді дамып келе жатқан зерттеу саласы ретінде танылады. Қазіргі уақытта  биология ғылымдары бойынша бағдарламалар әлемнің барлық жоғары сапалы зерттеу университеттерінде ұсынылады. Біздің бағдарламамыз беделді шетелдік оқу орындарындағы  қол жетімді бағдарламалармен ауқымы және құрылымы бойынша салыстыруға келеді. Биология ғылымдары және технологиялары саласының ғылым магистрі бағдарламасы мақсатты пән бойынша тамаша білім ұсынады  және Қазақстанның қазіргі, сондай-ақ күтілетін салалары үшін де үлкен сұранысқа ие биотехнологиялар және өмір туралы ғылымдар саласында біліктілігі жоғары мамандар дайындайды.

Бұл бағдарлама Болон процесінің құрылымына сәйкес келеді, ол магистр дәрежесін алу үшін кемінде 120 ECTS талап етеді. Бағдарлама студенттерге академиялық немесе академиялық емес («кәсіби») мансапқа дайындалуға мүмкіндік береді.


Химия ғылымдарының магистрі

Химия бойынша магистратураның  екі жылдық бағдарламасы (бұдан әрі – Магистратура бағдарламасы) студенттерді химияның әртүрлі салаларында озық теориялар мен практикалық терең білім алуға үйрететін кәсіби химиктерді оқытуға арналған.

Студенттер химияның негізгі қағидаларын тереңдетіп және жүйелі түрде меңгеріп, 21-ші ғасырдың мәселелерін шешуге, талдауға және дамытуға мүмкіндік беретін және сонымен бір уақытта кәсіпкерлікті ынталандыратын білім алады


Қолданбалы математика саласының ғылым магистрі

«Қолданбалы математика саласының ғылым магистрі» – студенттерді сандық модельдеу, статистикалық талдау, деректерді  зияткерлік талдау және есептеу механикасы саласында  озық теориялармен және практикалық білімдер бойынша терең білімге ие болатын қолданбалы математика саласында кәсіби мамандар ретінде  білім беруге арналған екі жылдық бағдарлама (120 ECTS кредит).

Бағдарламаның соңында түлектер терең математикалық, статистикалық және есептеу дағдыларына ие болады. Бұл бағдарлама студенттерге Ғылым және технологиялар мектебінің оқытушы-профессорлар  құрамының сараптамасымен  және компьютерлік ресурстарымен, сондай-ақ NURIS жеке мекемесінің ғылыми және сервистік қызметтерін пайдалану мүмкіндігіне есептелген. Осы бағдарламаның түлектері Қазақстанда да, сондай-ақ шетелде де технологиялық тұрғыдан дамыған және серпінді экономикалық дамуға өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін тереңдетілген ғылыми-зерттеу дағдыларына ие болады. «Қолданбалы математика саласының ғылым магистрі» бағдарламасының жалпы схемасы:


Физика саласындағы магистрі

Физика саласындағы  екі жылдық магистрлік бағдарлама (120 ETCS)  студенттерді PhD деңгейінде немесе кәсіби мансапта өнеркәсіп секторында, зерттеу компанияларында немесе мемлекеттік секторда  құзыретті физиктер болуға дайындайын бағдарлама.

Студенттер физика саласында жүйелі білім алады және инновациялар, технологиялар және  кәсіпкерлік саласында нақты құбылыстар мен инженерлік қосымшалар мәнмәтінінде теориялық білімдерін сәйкестендіру және пайдалану  қабілетін иеленеді. Түлектер өздерінің магистрлік жобаларының пәндеріне сәйкес  озық талдау, математикалық, есептеу және эксперименталдық  дағдылар алады.