Оқуға түсу

«Еуразиялық зерттеулер облысындағы философия ғылымдарының докторы» бағдарламасы бойынша кемінде төрт жыл оқып, нәтижесінде докторлық диссертация қорғалады. Дисстертациялық зерттеулерінің алдында барлық аспиранттар НУ міндетті курстарды қоса есептегенде академиялық курстарды алуы қажет. Докторлық диссертацияны қорғау ғылыми атақ тағайынаудың негіздемесі болып табылады. Докторлық диссертация Назарбаев Университетінің оқытушысы мен әлемнің жетекші университеттерінің бірінен шақырылған тәуелсіз кеңесшінің жетекшілігімен жазылады. Ph.D дәрежесін алу үшін орындалған диссертация мамандану саласы бойынша тыңдалған негізгі және электив курстарда алынған әдістемелік және теориялық білімдерді пайдалана отырып, ізденуші тарапынан дербес жүргізлген ғылыми зерттеу нәтижелеріне негізделуі қажет. Диссертация жазар алдында студент біліктілік емтихандарын тапсырады.

Математика мамандығы бойынша докторантура - бұл өздігінен оқып, жетілдіруге және іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зерттеу нәтижелілігі мен әсерін арттыруға мүмкіндік беретін, математикаға негізделген болашақ зерттеуші, оқытушы немесе маманы болғыңыз келсе, бұл сізге қажет бағдарлама.

Физика саласындағы докторантура бағдарламасы Назарбаев Университетінің (НУ) жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитаралық ғылымдар мектебіндегі (SSH) Қазақстанда және шетелдік академияларда, өнеркәсіпте және ғылыми зерттеулер саласында мансаптарын жалғастыруды жоспарлап отырған адамдар үшін сарапшылар деңгейінде алдыңғы қатарлы дағдылар мен білім базасын қамтамасыз етуге арналған. Бағдарлама алдыңғы қатарлы курстар бойынша білімді жетілдіруге және ғылыми-зерттеу дағдыларын жоғары деңгейде дамытуға бағытталған.

Өмір туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламасы - бұл қазіргі заманғы жоғары сапалы өмірлік ғылым мамандарын дайындайтын, негізгі және элективті пәндерден тұратын пәнаралық докторлық бағдарлама.