Өмір туралы ғылымдар саласындағы PhD бағдарламасы

Өмір туралы ғылымдар саласындағы PhD бағдарламасы

Өмір туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламасы - бұл қазіргі заманғы жоғары сапалы өмірлік ғылым мамандарын дайындайтын, негізгі және элективті пәндерден тұратын пәнаралық докторлық бағдарлама.

Докторантура бағдарламасының негізгі міндеті - адам ауруларының молекулалық негізінен басталатын және қоршаған ортаны қорғау және бақылау стратегияларын әзірлеуге дейінгі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетті, өмір туралы ғылымдар бағдарламасында пәнаралық дағдылары мен өмірлік ғылымдар саласындағы тәжірибесі бар халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ғалымдарды дайындау болып табылады.

Жалпы ақпарат

Өмір туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламасында қазіргі биомедицина, биотехнология және экологияның маңызды салалары бойынша қолданбалы және алдыңғы қатарлы білім алуға болады. Бағдарлама студенттерге әр түрлі әдіс-тәсілдер мен құралдар бойынша ғылыми зерттеулердің тәжірибесін дамытуға мүмкіндік береді, оларға академиялық және салалық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілік береді.

Докторантура бағдарламасының негізгі міндеті – адам ауруларының молекулалық негізінен басталатын және қоршаған ортаны қорғау және бақылау стратегияларын әзірлеуге дейінгі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетті, өмір туралы ғылымдар бағдарламасында пәнаралық дағдылары мен өмірлік ғылымдар саласындағы тәжірибесі бар халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ғалымдарды дайындау болып табылады.

Негізгі талаптар

Өмір туралы ғылымдар PhD бағдарламасы бойынша өтініш пакетінің тізімі

Өмір туралы ғылымдардың кандидаты дәрежесін алуға талаптанған үміткерлерде келесі құжаттар болуы қажет:

1) қабылдау комитеті анықтаған тиісті пән бойынша бакалавр (немесе баламасы) және магистр дәрежесі (немесе баламасы) (қабылдау комитеті қай пәннің сәйкес келетінін және қайсысы сәйкес еместігін шешуге жауапты). Өтініш беру кезеңінде соңғы курс студенттері ресми ағымдағы транскриптті қарастыруға ұсына алады. Егер үміткерлер білім беру бағдарламасын аяқтаған болса және үміткер қорытынды транскрипт және / немесе дипломның белгілі бір күнге ресми түрде берілуін күтсе, үміткерлер шартты түрде жоғары оқу орнын бітіру туралы куәлік негізінде жазыла алады. Бұл жағдайда оқуға қабылдау туралы шешімде талапкерлердің университетке қажетті құжаттарды ұсынатын уақыт кезеңі көрсетіледі. Шетелдік оқу орындарынан диплом / куәлік алған үміткерлер өздерінің ресми транскрипттерін тікелей университеттің Қабылдау бөліміне жіберуді талап етуі керек. Шетелдік білім беру мекемесі мұндай қызметті ұсынбайтын ерекше жағдайларда, өтініш беруші транскрипті тікелей қабылдау комиссиясына шетелдік білім беру мекемесінің корпоративтік электронды поштасы арқылы растағаннан кейін жібере алады. Үміткерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген дипломның нострификацияланғандығы туралы анықтаманы немесе шетелдік білім беру мекемесінің апостильденген құжатын ұсынған жағдайда, ресми транскрпитті университеттің қабылдау комитетіне тікелей жіберу міндетті емес;

2) минимум CGPA 3.00 / 4.00-тен ең жоғары дәрежесі бойынша;

3) 2-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі;

4) тестілеу әкімшілігінен IELTS / TOEFL жарамды сертификаты туралы ресми электронды есеп және оның сканерленген көшірмесі (қажет болса) ұсынылуы керек;

5) ағылшын тіліндегі екі құпия ұсыныс хаттары (немесе нотариалды куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен). Екі ұсынымның бірін қазіргі немесе алдыңғы жұмыс беруші немесе ғылыми жетекші жазуы керек. Екінші төреші өтініш берушінің қалауы бойынша таңдалуы мүмкін;

6) 500 сөзден аспайтын мақсаттың сипаттамасы, өмір туралы ғылымдап бойынша Ph.D докторантурасына оқуға түсу себебін және зерттеу тақырыбын алдын ала таңдауы жайлы түсініктеме;
7) жарамды GRE тест есебі (жалпы тест). GRE-дің ресми балы талап етілмесе де, өтініш беруші GRE-дің балымен өз өтінішінің бәсекеліктігін жақсарта алады;
8) академиялық және тәжірибелік білімнің сәйкестігі, сондай-ақ алдыңғы деңгейлердің баламасы мен сәйкестігін қабылдау комитеті анықтайды.

2. PhD бағдарламасына түсуге арналған ағылшын тілінен тест нәтижесіне қойылатын абсолютті минималды талаптар:
IELTS тестінің жалпы баллы 6.5 (әр бөлімі 6.0-ден кем емес) немесе ETS веб-сайтында жарияланғандай TOEFL баллы;
бағдарлама талапкерлері, қабылдау комиссиясының қалауы бойынша, тілді білуге арналған емтихан туралы есепті ұсынудан босатылуы мүмкін, егер:

бұған дейінгі ғылыми дәрежелерінің бірі ағылшын тілім ресми қарым-қатынас, академиялық оқыту және күнделікті өмір тілі болып табылатын елде алынған;
магистр дәрежесі немесе оның баламасы ресми түрде ағылшын тілінде оқытылған бағдарлама бойынша алынды;
талапкер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылады.

Өмір туралы ғылымдар PhD бағдарламасына түсуге арналған өтініш пакеті:

  • Өмір туралы ғыылмдар PhD бағдарламасына түсуге арналған өтініш формасы;
  • бакалавриат және магистр дәрежелерінің дипломдары / сертификаттары транскриптпен бірге (ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған);
  • IELTS немесе TOEFL тестінің нәтижесі / сертификаты, өмір туралы ғылымдардың Ph.D бағдарламасына құжаттарды онлайн тапсырған сәттен бастап жарамды. Үміткер тестке тіркелу кезінде университетті алушы ретінде көрсетуі керек. Егер үміткер тестілеуді ертерек тапсырған болса, ол тестілеу орталығына хабарласып, университетті алушы ретінде көрсете алады. Үміткерлер жарамды академиялық IELTS немесе TOEFL IBT сертификаттарының ресми электронды тест нәтижелерін тестілеу әкімшілігінен және олардың сканерленген көшірмелерін ұсына алады;
  • ағылшын тілі оқыту тілі екенін растайтын құжат (тек ағылшын тілінде оқытылған бағдарлама бойынша білім алған және IELTS немесе TOEFL тапсырудан босатуды талап ететін талапкерлер үшін);
  • төлқұжаттың / жеке куәліктің ресми көшірмесі (ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен);
  • өмір туралы ғылымдардың PhD бағдарламасына құжаттарды онлайн тапсырған сәттен бастап жарамды GRE тестінің нәтижелері / сертификаттары (міндетті емес);
    ағылшын тіліндегі екі құпия ұсыныс хаттары (ағылшын тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен);
  • түйіндеме (екі А4 параққа дейін);
  • 500 сөзден аспайтын мақсаттың сипаттамасы, өмір туралы ғылымдар бойынша Ph.D докторантурасына оқуға түсу себебін және зерттеу тақырыбын алдын ала таңдауы жайлы түсініктеме;
  • болашақ студенттің / студенттің / магистранттың жеке мәліметтерін өңдеуге келісімі.
Оқу ұзақтығы

4 жыл

Мансап және тәжірибелік қолдау

Барлық студенттер халықаралық ғылыми-зерттеу институттарында 6-12 айлық ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар студенттер CAC, SSH немесе кафедра ұйымдастырған біліктілікті арттыру семинарларына қатысу мүмкінлдігіне ие болады.

Ғылыми жетекші студентке ғылыми мансап туралы кеңестер беріп, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну және тиімді байланыстар орнату үшін конференцияларға қатысуға шақырады.

Биологиялық ғылымдар бағдарламасының магистранттары зерттеушілік мансапқа деген қызығушылықты арта түсуде және өмір туралы ғылымдар бойынша PhD докторантурасының қажеттілігін білдірді. Бейресми сауалнамаларда студенттер биологиялық, биомедициналық және экологиялық тақырыптарға, сонымен қатар биомедициналық, биотехнологиялық зерттеулер аясындағы биоинформатикаға қатысты технологияларға үлкен қызығушылық танытты.

Бағдарламаның түлектері ғылымдар саласында, биотехнология, ауылшаруашылығы, биомедициналық зерттеулер немесе тіпті саясатты дамыту саласында жеке меншік салада немесе үкіметтік ұйымдарда мансаптарын жалғастыруға үміттенетін жоғары білікті мамандар болады.

 

Оқу бағдарламасының қысқаша мазмұны

Төрт жылдық 240 ECTS кредитті Өмір туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламасы – бұл Болон талаптарына сәйкес жасалған, ғылыми-зерттеу үшін қажет үшінші циклдік бағдарламасы.

Бағдарламаның оқу жоспары үш түрлі курстардан тұрады:

1) негізгі тірек курстары (36 ECTS).

Негізгі тірек курстары екі пәндік курстан (12 ECTS) және үш бөлімнен (24 ECTS) тұрады. Бұл курстар студенттерге ғылыми зерттеулерде жетістікке жету үшін қажетті теориялық және әдіснамалық білім алуға мүмкіндік беретін технологиялар мен биологиялық ғылымдардың мәліметтеріне негізделген бағыттары бойынша терең және кең негізді білім алуға арналған.

2) элективті курстар (24 ECTS).

1 және 2 семестрдегі кафедраның элективті курстарын таңдау (24 ECTS) студенттерге болашақ ғылыми және кәсіби мансап мақсаттарына сәйкес мамандық бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

3) ғылыми негіздемелік курстар (Диссертациялық зерттеу және диссертациялық жұмыс) 180 ECTS).

Зерттеу жұмысының негізгі бағыты – диссертациялық жұмыс 1-2 жыл. 1 семестрде студенттерге BIOL 799 тезисі зертханалық ротацияларды зерттеу аясында эдвайзерлер мен студенттердің ғылыми қызығушылықтарының оңтайлы сәйкестігін қамтамасыз ету мүмкіндігі беріледі. 1-2 семестрлерде және жазғы семестрде студенттер тезистік ұсыныстарын дайындайды. 3-8 семестрлер мен 2-4 жазғы семестрлер тек диссертациялық зерттеулерге арналған.

Қаржыландыру

Жергілікті және шетелдік студенттер үшін жеткілікті қаржыландыру бар, олардың көпшілігі толық грант пен стипендия ала алады.

Толық ақпарат үшін сілтемеден өтіңіз.