Қазақ тілі және түркітану кафедрасы

SHYRAQ СТУДЕНТТІК КЛУБЫ
Алғыс білдіру
Клуб мүшелері

Shyraq - 2016 жылдың ақпан айында Назарбаев Университетінде құрылған студенттік клуб. Клубтың негізгі мақсаты - қазақ тілі мен мәдениетін алға жылжыту, қазақ тілі сабақтарында шетел профессорлары мен студенттер арасында достық ортаны құру; сондай-ақ кампуста мәдени іс-шараларды өткізу. Барлық Назарбаев Университет мүшелерін бізбен қазақ тілін үйренуге шақырамыз. Сабақ кестесін төменде көріңіз:

Деңгей Күндер Уақыт Орны
Бастауыш Сейсенбі, бейсенбі 18.00 8322
Қарапайым Дүйсенбі, сәрсенбі 18.00 8310
Аралық Дүйсенбі, сәрсенбі 18.00 8317

Барлық сұрақтарыңызды shyraq@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберіңіз.

Shyraq ВКонтакте парақшасы

Shyraq Instagram парақшасы

Shyraq Facebook парақшасы

Шырақ клубына қолдау көрсеткені үшін:

  1. Президент кеңсесіне
  2. Студент істері жөніндегі департаментіне
  3. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебіне
  4. Nazarbayev University Library and IT Services (NULITS)
  5. Коммуникация және маркетинг департаментіне
  6. University Service Management (USM)
  7. National Laboratory Astana (NLA)
Азамат Тайғараев
ТЛӘ студенті, ГӘҒМ
Рөлі: Іс-шараларды ұйымдастырушы
Мақсаты: Мен неге Шырақжанмын? Жауабы біреу ғана. Тек қазақ тілі үшін, тек менің ана тілім үшін.
Жаннұр Ділдабаева
СжХҚ студенті, ГӘҒМ

Рөлі: Іс-шараларды ұйымдастырушы, редактор

Мақсаты: Менің жаным жетім балаларға қалай ашыса, олардың өмірі мені қалай толғандырса, дәл солай қазақ тілінің жағдайы мен болашағы мені қатты алаңдатады. Сондықтан, оның мәртебесі жоғары болуы үшін қолымнан келгенше өз үлесімді қосуға тырысамын!

Нұрбек Нұрлан
Химия студенті, ҒТМ 
Рөлі: Академиялық шаралар
Мақсаты: Қазақ тілінің дамуына үлес қосу және гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында біліктілікті дамыту.
Асылзат Қабасова
Экономика студенті, ГӘҒМ
Рөлі: Қазақ тілі оқытушысы
Мақсаты: Білгенімді өзгелерге үйрету - мен үшін үлкен жетістік, ал оның ішінде қазақ тілін үйрету - тіпті үлкен бақыт!
Аида Сапарбек
Экономика студенті, ГӘҒМ 
Рөлі: Қазақ тілі оқытушысы
Мақсаты: Қазақ тілінің дамуына және қолдану аясының қарқынды түрде кеңеюіне үлес қосу.
Мөлдір Әтенова
СжХҚ студенті, ГӘҒМ 
Рөлі: Қазақ тілі оқытушысы
Мақсаты: Жүрегі “елім, ұлтым, тілім” деп соғатын қазақ қызы үшін ұлттың асыл қазынасын сақтап, әрі қарай дәріптеу-ең басты міндет деп есептеймін.
Айшолпан Казиуллаева
Химиялық инженерия студенті, ИМ
Рөлі: Қазақ тілі оқытушысы
Мақсаты: Барлығымыз біріге отырып, студенттердің қазақ тіліне деген қызушылығын арттырып қана қоймай, ана тілімізде еркін сөйлей алуға мүмкіндік беретіндей орта құра аламыз.
Айбарша Қажыәкпар
ТЛӘ студенті, ГӘҒМ
Рөлі: Қазақ тілі оқытушысы
Мақсаты: Мен университетімізде қазақ тілінің пайдалану аясын кеңейтуге өз үлесімді қосып, мемлекеттік тілді үйренуге немесе өз деңгейін дамытуға қызығушылық білдіргендерге барынша көмектескім келеді.
Мукаддас Мамырова
Биология ғылымдары студенті, ҒТМ
Рөлі: Қазақ тілі оқытушысы
Мақсаты: Қазақ тілін өзгелерге үйретуге мүмкіндік алу мен үшін үлкен құрмет, себебі мен қазақ тілінің дамуына өз үлесімді қосып жатырмын. Мен патриотпын және оны өз ісіммен дәлелдеймін.
Ұлпан Нұржанова
Физика студенті, НУДБ
Рөлі: Редактор
Мақсаты: Бұл ұйымның мүшесі бола отырып өзіме жақын орта тауып қана қоймай, тәжірибе жинақтап, жаңа салаларды игерудемін. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік және мақтаныш.
Жансая Съезғазыева
Физика студенті, НУДБ
Рөлі: Іс-шараларды ұйымдастырушы, редактор
Мақсаты: Менің “Шырақ” клубына мүше болуымның басты себептерінің бірі - қазақ тілінің таралу өрісін тек қана Назарбаев  Университет қабырғасында ғана кеңейтіп қана қоймай, оның кең байтақ өлкеміздің әр түкпіріне қанатып жайып, дамуына өз үлесімді қосу.
Нұрсәуле Батырғали
Химиялық инженерия студенті, ИМ
Рөлі: Іс-шараларды ұйымдастырушы, редактор
Мақсаты:  Ғажап тіліміздің деңгейін көтеру және өзге ұлт өкілдеріне таныстыруға өз үлесімді қосу мақсатында “Шырақ” ұйымына қосылдым.
Диана Кайрула
Физика студенті, НУДБ
Рөлі: Редактор
Мақстаы: “Шырақ” ұйымына қосылуымдағы басты мақсат қазақ тілін дамыту сияқты пайдалы істі университет өмірінде белсенділік танытумен ұштастыру еді.
Диас Тулегенов
Физика студенті, НУДБ
Рөлі: Іс-шараларды ұйымдастырушы
Мақсаты: Қазақ тілім, ана тілімді дамытуға арналған әрбір іс-шара мен үшін маңызды. Университет қабырғаларында Шырақ сияқты ұйымның мүшесі болу үлкен абырой.
Жаннұр Төребек
Биология ғылымдары студенті, ҒТМ
Рөлі: Іс-шараларды ұйымдастырушы
Мақсаты: Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміздің мәртебесі артып, жанашырлары көбейіп, тіліміздің шырағы сөнбеуіне өз үлесімді қосқым келеді.
Сәуле Мәуленқұл
Механикалық инженерия студенті, ИМ
Рөлі: Хатшы
Мақсаты: Шыраққа мүше болу мен үшін мәртебе, себебі мен қазақ тілінің жаңа бағытта дамуына үлес қосатын тұлғалармен біргемін.