Экономика кафедрасы

Назарбаев Университетінің Экономика кафедрасы  әлемдегі  аса жылдам дамып келе жатқан кафедралардың бірі. Бүгінгі таңда  кафедрада  экономиканың 16 оқытушысы сабақ береді, 220 бакалавриат және 30 магистратура студенттері білім алуда. Кафедра экономиканың негізгі  салаларының кең  ауқымын  қамтиды және ішкі әрі сыртқы семинарлар бағдарламасын жүргізеді.

Кафедраның құрамы  экономика теориясына, қолданбалы экономикаға және макроэкономикаға тікелей  қатысы бар әр-түрлі салалардың ғалымдарынан жасақталған. Оқытушылардың ғылыми жұмыстары American Economic Review, the Review of Economic Studies, the Review of Economics and Statistics, International Economic Review, Journal of International Economics, Journal of Economic Theory, және Games and Economic Behavior сияқты арнайы мамандырылған журналдарда жарияланды.

Экономика кафедрасының көптеген түлектері  оқуларын магистратура жане докторантура бағдарламаларында жалғастыруда. Мысалы, біздің 2017 жылғы түлектеріміз MIT-Sloan,  NYU, UW Madison, Columbia, UW Seattle, Duke, UCL, Leuven оқу орындарында оқуларын жалғастыруда. 2016 жылы  Назарбаев университетінің 24 түлектері Болашақ жүлдесіне ие болды, оның ішінде 8- і Экономика кафедарсының түлектері.

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің экономика кафедрасы сондай-ақ Висконсин-Мэдисон университетінің экономика кафедрасының  әріптесі болып табылады.  Экономика кафедра үшін  әріптестіктің артықшылықтарының бірі Висконсин-Мэдисон университетіне каржыландырылатын  сапарға бару, бірлескен конференциялар ұйымдастыру және серіктес университет кафедра мүшесі бірінің тәлімгерлігінде  болуы.Бұған қоса, Висконсин-Мэдисон экономика кафедрасының мүшелері жаңа оқытушыларды жалдау процесі уақытында  сыртқы консультанттар болып табылады.