Экономика кафедрасы

Экономика департаменті жоғары білікті экономистер дайындайтын магистрлік бағдарламалар ұсынады. Магистратура бағдарламалары студенттердің аналитикалық, әдістемелік және қолданбалы дағдыларын дамытуды көздейді. Студенттердің макро- және микроэкономиканың түсініктері тек жеке секторда ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік органдармен беттесетін салаларда жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын деректерді басқару, макроэкономикалық саясаттар, мәселелерді оңтайландыру пәндері студенттерге келешекте кез келген кәсіби ортада жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Докторлық деңгейдегі білім алғысы келген студенттер үшін экономика магистрі дәрежесі озық ғылыми-зерттеу және академиялық дағдыларын көрсетуі арқылы экономика, бизнес және өзге де әлеуметтік ғылымдардың Ph.D. бағдарламаларына өтуге көмек жасайды.

Магистрлік бағдарлама екі жылдың ішінде аяқталады. Студенттер экономиканың негізгі курстарын (Микроэкономика I , Макроэкономика I, Статистика, Математикалық экономика, Микроэкономика II, Макроэкономика II, Эконометрика, Қолданбалы эконометрика және ғылыми-зерттеу әдістеме), үш элективті курсты және диссертациялық жұмыстың негізгі оқу жоспарын алулары қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін Экономиканың магистрлік бағдарламасы туралы кітапшаны (ағылшын тілінде) тексерулеріңізді сұраймыз.