Экономика кафедрасы

Назарбаев Университеттегі экономика бағдарламасы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің ең жылдам даму үстіндегі бағдарламаларының бірі. Бағдарламаның негізгі мақсаты болып негізгі экономикалық теория мен микроэкономика және макроэкономика құрамындағы түрлі салаларда кіршіксіз дайындықпен қамтамасыз ету табылады. Бағдарлама студенттер үшін бизнес және мемлекеттік сектордағы қызметке, сонымен қатар, экономика, бизнесті әкімшілік басқару, халықаралық қатынастар, заң және басқа да салалардағы магистратура бағдарламалары бойынша білім алуға лайық теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ниеттелген.

Экономика студенттері стандартты экономикада мамандануды немесе саланың математикалық-тереңдетілген нұсқасында мамандануды таңдауларына болады. Математикалық-тереңдетілген нұсқасы күрделі нарық құлқын үлгілеу мен болжауда пайдаға асатын жетілдірілген амал-тәсілдерді игеруге қосымша дайындық береді. Сонымен қатар, экономика бағдарламасында экономика саласында қосалқы профильдік мамандану мүмкіндігі бар.

Экономика саласындағы мамандану барысында талап етілетін курстар туралы ақпаратты жүктеу үшін осы сілтемені басыңыз.

2018 жылға дейін қабылданған студенттерге арналған экономика мамандығының курстық аудит нысанын жүктеу үшін осы сілтемені басыңыз.
2018 жылдан кейін қабылданған студенттерге арналған экономика мамандығының курсының аудит нысанын жүктеу үшін осы сілтемені басыңыз.