“Химия” мамандығы бойынша бакалавр бағдарламасы

“Химия” мамандығы бойынша бакалавр бағдарламасы

Химия кафедрасында біз бакалавриат бағдарламасында органикалық, бейорганикалық, физикалық, аналитикалық химия және Биохимия бойынша негізгі курстар мен таңдау пәндер тізімін ұсынамыз. Біз химиямен байланысты түрлі салалардағы мәселелер мен стратегияларды шешу үшін іргелі білім, қажетті дағдыларды ұсынамыз.

Жалпы ақпарат

Химия кафедрасында біз бакалавриат бағдарламасында органикалық, бейорганикалық, физикалық, аналитикалық химия және Биохимия бойынша негізгі курстар мен таңдау пәндер тізімін ұсынамыз. Біз химиямен байланысты түрлі салалардағы мәселелер мен стратегияларды шешу үшін іргелі білім, қажетті дағдыларды ұсынамыз.

Негізгі талаптар

Орта мектептердің, UK Foundation бағдарламасының, колледждің түлектері мен оқушылары, сондай-ақ, A-level бағдарламасының түлектері үшін қойылатын ең төменгі талаптар:
1.Физика, Математика мамандықтары үшін
SAT Subject Test – математика немесе физика, әр пән бойынша 600-ден кем емес
Биология, Химия мамандықтары үшін
SAT Subject Test – химия және биология, әр пән бойынша 600-ден кем емес
2. IELTS – жалпы балл 6.5-тен кем емес (әрбір секция бойынша 6.0-ден кем емес)
немесе
TOEFL IBT – 79-93 TOEFL IBT – 94-101 (Reading – 13-тен кем емес, Listening – 12-ден кем емес, Speaking – 18-ден кем емес, Writing- 21-ден кем емес)
немесе
TOEFL PBT* – 574-599
3. SAT Reasoning Test – 1240 кем емес. Эссе міндетті болып табылады, төменгі балл белгіленбейді немесе ACT with writing part – жалпы балл (composite score) кем дегенде 27.
Бұл ретте жазбаша бөлімге ең төменгі балл белгіленбейді.
* TOEFL PDT ресми IELTS және TOEFL iBT жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік үміткерлерден ғана қабылданады.
– Қазақстан НИМ түлектері немесе оқушылары үшін; IB Дипломдық бағдарламасының түлектері немесе оқушылары үшін; жоғары оқу орындарының студенттері үшін; халықаралық және / немесе республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары / жүлдегерлері үшін талаптар admissions.nu.edu.kz сайтында берілген.

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Оқуды тәмамдағаннан кейін қайда жұмыс істеуге болады?

Болашақта сіз мұнай өнеркәсібінде, геологиялық өнеркәсіпте, фармацевтикалық өнеркәсіпте немесе мемлекеттік сектордағы жұмыс жасау мүмкіндігіне ие боласыз.
Жұмыс жасауға болатын негізгі салалар:

Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер

Қауіпті қалдықтарды басқару

Су ресурстары

Кокстелетін көмір өндірісі, мұнай өнімдері және ядролық отын өндіру

Дәріхана

Оқу бағдарламасының қысқаша мазмұны

4 жылдық күндізгі бағдарлама. НУ саясаты мен Болон ұстанымдарына сәйкес бакалавриат бағдарламасы кем дегенде 240 ECTS кредитті талап етеді. Химиялық және биологиялық курстардан басқа, студенттер қазақ тілі мен Қазақстан тарихы курстары, ғалымдар мен инженерлер үшін есептеу, бағдарламалау курсы және т.б. сияқты 1-ден 3-ші жылға дейінгі басқа пәндерден екі курсты алуы тиіс. Кейбір курстар жылдан жылға өзгеруі мүмкін.