mahire_y
Махире Якуп
Position:
Ассистент профессор
Office Phone:
Website:
CV:

Research Interest

Психолингвистика, тілдік байланыс, фонетика / фонология және сөзді тану

Өмірбаяны
Таңдамалы мақалалары
Ұсынылатын курстар

Д-р Махире Якуп Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебіндегі «Әлем тілдері, әдебиет және мәдениет» кафедрасында профессордың ассистенті болып қызмет етеді. Ол лингвистика саласындағы .Ph.D. дәрежесін Канзас университетінде тәмамдады. Сонымен қатар психология саласындағы бакалавр және магистрлік дәрежелерін Бейжің Университетінде алды.

Оның кең ауқымды зерттеуі тілдік өңдеуге және түсінуге бағытталған. (i) Туған және ана тілі емес сөйлеушілерде просодикалық ақпаратты өңдеу. Оның диссертациялық жұмысы ана тілі ұйғыр тілінде және ана тілі ұйғыр тілі емес сөйлеушілердің лексикалық стресін акустикалық талдау мәселелеріне негізделген. Ол өз зерттеу жұмысын түркі тілдерін қосу арқылы ұлғайтқысы келеді. (ii) Екі тілде және көп тілде сөйлейтін адамдарға бағытталған морфологиялық күрделі сөздерді өңдеу. Ол ақыл лексиконындағы лингвистикалық ақпараттардың қалай ұсынылғанын түсінуге тырысады. Махире мінез-құлық зерттеулері мен Психолингвистикалық зерттеу әдістерін біріктіре пайдаланады. (iii) Түркі тілдерінің фонологиясы мен морфологиясына назар аударғысы келеді.

Қазіргі таңдағы ғылыми жобалары

  1. Махире Ұйғыр тіліндегі әріптер алмасуының әсері жайлы жобасын Испанияның Валенсия университетінің докторы Мануэль Переймен бірігіп жасайды. Олар осы зерттеу жұмысын қазақ тіліне де қолданады.
  2. Сондай-ақ ол Ұйғыр оқулығы бойынша Канзас университетінде д-р Арриэн Двейермен ынтымақтастық жасады: «Teklimakandin Salam: hazirqi zaman Uyghur tili qollanmisi / Теклімаканнан сәлем: Қазіргі Ұйғыр тілінің анықтамасы, 1-ші том» атты оқулығын жазу мақсатымен Канзас университетінің д-ры Ариен Двейермен бірігіп жұмыс жасады. Қазіргі таңда олар осы кітаптың екінші томын жазу барысында.

Конференциялары мен презентациялары

  1. Якуп, М., (2014 ж. Мамыр). Ұйғыр тіліндегі қайталау. Баяндамашы, Орталық Азия тілдері және тіл білімі конференциясы, Индиана университеті, Блумингтон.
  2. Якуп, М. (2012 ж. Қазан). Ұйғыр тіліндегі қатты дыбыс сипатының акустикалық зерттеуі. Американдық акустикалық қоғамның 164-ші кездесуі, Канзас қаласы.
  3. Якуп, М. және Фиорентино, Р. (2010 ж. Наурыз). Ағылшын тіліндегі күрделі сөздерді өңдеу: Қытай-Ағылшын тілдерінде сөйлеушілердің дәлелдері, Постер презентациясы, 2010 жылғы аспирантура студенттерінің ғылыми жарысы, Канзас университеті.
  4. Якуп, М. (2009 ж. Шілде). Ұйғыр дәстүрлі жиналымдарын коммерцияландыру. Презентация, Индиана Университеті, Славян Шығыс Еуропа және Орталық Азия тілдері бойынша жазғы семинар.
  5. Якуп, М. (2008 ж. Шілде).  Ұйғыр бесік тойы. Презентация, Индиана Университеті, Славян Шығыс Еуропа және Орталық Азия тілдері бойынша жазғы семинар.
  6. Якуп, М. (2007 ж. қазан). Орталық Азиялық тіл саясатын талқылау панелі, Орталық еуразиялық зерттеулер қоғамының жыл сайынғы кездесуі, Сиетл, Вашингтон.
  7. Якуп, М. (2006 ж. сәуір). Дін, мәдениет, тарих және ұйғыр дербес (жалқы) атаулары. Презентация, Азиялық зерттеулер бойынша жыл сайынғы конференция, Сан-Франциско.

Оқытуы және университеттен тыс өмір

Ол Назарбаев Университетінде қытай тілінен және лингвистика курстарынан сабақ береді. Оқытудан басқа, ол тамақ дауындаумен, жаяу жүрумен және йогамен айналысады.