Рубрика: Әлеуметтану және Aнтропология жаңалықтар

Профессор Майкл Райан Atameken Business Channel арнасы үшін сұхбат берді

SSH News (5)
Профессор Майкл Райан Atameken Business Channel арнасы үшін сұхбат берді

Социология және антропология кафедрасының профессоры Майкл Райан Atameken Business Channel арнасындағы “Мир.Итоги” бағдарламасы үшін Covid 19 пандемиясы жайлы сұхбат берді.   Доктор Дж. Майкл Райан – әлеуметтану кафедрасының ассистент профессоры. Ол социология саласындағы PhD дәрежесін АҚШ-тағы Мэриленд Университетінде қорғады. Доктор Райанның ғылыми қызығушылығы, ең алдымен, COVID-19 пандемиясына әлеуметтік ғылыми жауаптар, транс идентификация (әсіресе сауалнамалық зерттеулерге қатысты), […]

Read More…

SSH post, копия (1)
SSH Student stories: Мәскеудегі жоғары экономика мектебіне оқуға түскен ЖӘГҒМ түлегі Томирис Машанмен сұхбат

Томирис Машан – 2021 жылғы Summa Cum Laude түлегі, әлеуметтану мамандығы бойынша (антропология бойынша minor). Оқу кезінде ол ғылыми зерттеулерге белсене қатысты, екі рет ғылыми қызметкер болды, 2019 жылы үздік ғылыми қызметкер атанды және доктор Райми Мурмен бірге «Таза ауа Алматы» петициясы бойынша ғылыми жоба жасады. Питтсбург университетінің еуропалық және еуразиялық зерттеулер симпозиумында ұсынған оның […]

Read More…

SSH News (19)
Профессор Рид Койл өзінің ғылыми жобасы үшін Leakey Foundation – ның грантымен марапатталды

Социология және антропология кафедрасының профессоры Рид Койл, Батыс Грузиядағы Цуцвати мен Сакажиядағы екі үңгірде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жобасы үшін Лики Қорының грантын алды. Ол жерлерде орта және жоғарғы палеолитті қамтитын археологиялық орындар бар деп есептелінеді (~ 100000 – 10000 жыл бұрын). “Біздің бұл жерлерге деген қызығушылығымыз бір кезеңнен екінші кезеңге өтуді, яғни неандертальдар бұл аймақтан кеткенде […]

Read More…

SSH conference
19, 20, 21 сәуір күндері COVID-19 пандемиясы тақырыбына арналған конференция өтеді

Конференция COVID-19 пандемиясының адамдарға, қауымдастықтарға, елдерге және үлкен әлемдік қоғамға әсерін әлеуметтік ғылыми тұрғыдан қарастырады. Қазіргі жаһандық пандемиямен қалай күресуге болатынын және қоғам болашақта қалай алға жылжуы мүмкін екенін анықтауға тырысқан кезде академиктердің медициналық мамандармен қатар өздерінің лайықты орындарын иеленулері өте қажет. Бұл конференция вебинары осы талаптарға және сұрақтарға жауап беретін болады. Сессиялар осы пандемияның […]

Read More…

Elliot-Bowen-1000×375
Джон Хопкинс университеті профессор Эллиотт Боуэннің «Жыныстық денсаулықты іздеуде» кітабын жариялады

Мерез жайлы тұжырым осы аурумен ауыратын адамдарды емдеу түрлерін қалай қалыптастырды? Әңгіме Озарктың ішкі аудандарындағы қаланың мерезге байланысты медициналық көмек көрсету стандарттарын анықтауда қалайша шешуші рөл атқарғаны жайлы өрбімек.  1800 жылдардың аяғы мен 1900 жылдардың басында Арканзас қаласындағы Хот Спрингс шипажайы Америка Құрама Штаттарының ең жақсы шипажайларының бірі ретінде танымал болды. Осы уақыт аралығында ол […]

Read More…

Online webinar _Professor live_ (6)
Назарбаев Университетінің әлеуметтік желісіндегі “Professor Live” атты жаңа айдарын қарсы алыңыз

NU профессорымен бір күн өткізіп, профессордың мамандануы, оқу жоспары, жұмыс істейтін мектебімен тереңірек танысып, тамыздың 6-сы күні 16: 00-де Инстаграмдағы тікелей эфирде сұрақтарыңызды қоя аласыз. Біздің стористерімізді жіберіп алмаңыздар және сұрақтарыңызды төменде  қалдырыңыз. Айдардың алғашқы қонағы – Жаратылыстану,  әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Ассистент профессоры Ұлан Бигожин. Ұлан Бигожин 2017 жылдың көктемінде Блумингтондағы Индиана Университетінде […]

Read More…

юрта
«Отаршылдық кезеңдегі қазақ даласының этнографиясы»: Алима Бисенованың онлайн-дәрісі

«Целинный» заманауи мәдениет орталығы Қазақстан және басқа елдердің жетекші сарапшыларынаның онлайн дәрістер сериясын өткізеді. Алғашқы шақырылған қонақ Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, Әлеуметтік және Гуманитарлық ғылымдар мектебінің әлеуметтану және антропология кафедрасының доценті Алима Бисенова болды. «Отарлық кезеңдегі қазақ даласының этнографиясы» атты қысқа дәріс аясында Алима Бисенова үш этнографтың – Алексей Левшин (1798–1879), Шоқан Уәлиханов (1835–1865) және Георгий Джинс […]

Read More…

2019-10-25 12.27.49
Биоархеология және Қазақстанның қола ғасыры: Шақырылған ғалым НУ студенттеріне шеберлік сыныбын өткізді

2019 жылдың қазан айында Питсбург Университетінің профессоры, биоархеолог Элиса Баллион Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі студенттеріне адам сүйектерін зерттеуге байланысты шеберлік-сыныбын өткізді. Шеберлік-сынып Антропология Зертханасында ұйымдастырылды. Шеберлік-сынып барысында тыңдаушылар Қазақстан территориясында осыдан 4000 жыл бұрын өмір сүрген адамдардың анатомиясын, палеопатологиясы мен жынысын анықтаудың әдістерін үйренді. Шеберлік-сыныбына барлығы жетпіске жуық студент қатысты. Шеберлік-сыныбы […]

Read More…

DSCF2860-min
Жазғы археология: Назарбаев Университетінің оқытушылары мен студенттері Семей қаласының археологиялық орнында

Жазғы археология: Назарбаев Университетінің оқытушылары мен студенттері Семей қаласының археологиялық орнында Осы жазда тарих факультетінің профессоры Паула Дупуй мен Айдын Жүнісханов Семейде өзінің ежелгі қоғамдары туралы жаңа ақпараттарды ашу үшін археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Команда құрамында Назарбаев Университетінің, АҚШ-тағы (Сент-Луис және Йельдегі Вашингтон университеті) және Семейдегі Шакарим атындағы Университетерінің студенттері мен магистранттары болды. Студенттер маусым […]

Read More…

20190319_092210
Мексикалық қыз қымыздың қасиетін зерттеп жүр

Ұлы дала мәдиниеті және қазақтың ұлттық тағамдары шетелдіктердің басты назарында. Мысалы, дәмді әрі табиғи емдік қымыздың қасиеті көпшіліктің қызығушылығын тудырып жатыр. Мұхитты асып келген мексикалық қыз Сандра Реал бүгінде бойға нәр беретін қымыз сусынын зерттеп жүр. Қырық ауруға ем қымызды ішіп әрі дәмді екенін білген Сандра Реалдың ұлттық сусынға қызығушылығы одан сайын арта түсті. Сондықтан, […]

Read More…