Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар (ЖӘГҒМ) мектебі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, белгілі математик профессор Дурвудхан Сұрағанның Ұлттық Құрылтай мүшесі болып тағайындалғанын қуана хабарлайды.
Ұлттық Құрылтай – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кеңес беру органы. Оның басты мақсаты – ел ішіндегі қоғамдық диалогты қалыптастыру, азаматтық бірлік пен әлеуметтік келісімді нығайтуға бағытталған идеялар мен стратегиялық ұсыныстарды әзірлеу.
Құрылтай құрамындағы соңғы ротация аясында профессор Сұрағанмен бірге құрылтай жұмысына келесі қоғам қайраткерлері тартылды:
Бұл тағайындау профессор Сұрағанның Қазақстан ғылымы мен білім беру саласына қосқан зор үлесін және қоғам игілігі жолындағы еңбегін мойындаудың айқын белгісі болып табылады.
Профессор Сұрағанды осы маңызды тағайындау мен жауапты міндетімен шын жүректен құттықтаймыз!

- Имамзада Шағыртаев – Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі,
- Қанат Нұров – Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл,
- Бақыт Бексейітова – Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі.