News

SSH профессорлары әлемнің үздік ғалымдары қатарына кірді

Стэнфорд университетінің профессорлары жыл сайын ғылыми еңбектеріне жиі сілтеме жасалынатын ғалымдар тізімін жасайды, олардың қатарында NU профессорлары да бар. 2024 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар (ЖӘГҒМ) мектебінің ғалымдары әлем ғалымдардың 2%-на кіреді.

Бұл рейтинг 180 мыңнан астам жетекші ғалымды қамтитын Scopus дерекқорынан алынған библиометриялық деректерге негізделген. Жүйелі библиометриялық зерттеу деректерін профессор Джон Иоаннидис бастаған Стэнфорд университетінің ғалымдар тобы жүргізеді.

Олар ғалымдарды Science-Metrix (библиометриялық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-техникалық саясат пен қызметті бағалау бойынша халықаралық деңгейде танылған көшбасшы) негізінде 22 сала мен 174 ішкі сала бойынша жіктеді. Деректер базасында сілтеме жасау көрсеткіші, h-индексі, hm-индексі, бірігіп автор болу және кешенді көрсеткіш (c-score) туралы ақпарат бар.

Зерттеу бойынша екі тізім ұсынылған – 2023 жылдың соңына дейін жаңартылған бүкіл мансап деректері және 2023 күнтізбелік жыл ішінде жасалған сілтемелерді қамтитын өткен жылғы деректер. Elsevier-де жарияланған ғалымдар тізіміне сәйкес, ЖӘГҒМ профессорлары екі тізімде де көрсетілген.

Бүкіл мансап бойынша:

  • Vesselin N. Paunov (Химия департаменті) - Chemical Physics, Nanoscience & Nanotechnology

  • Timur Sh Atabaev (Химия департаменті) - Materials, Nanoscience & Nanotechnology

  • Anton S. Desyatnikov (Физика департаменті ) - Optics, General Physics

2023 жыл бойынша:

  • Vesselin N. Paunov - Nanoscience & Nanotechnology, Enabling & Strategic Technologies

  • Timur Sh Atabaev - Nanoscience & Nanotechnology, Enabling & Strategic Technologies

  • Daniele Malafarina (Физика департаменті ) - Astronomy & Astrophysics, Physics & Astronomy

  • Anton S. Desyatnikov - General Physics, Physics & Astronomy
2024-09-23 15:01 Жаңалықтар