News

IGEM NU-Kazakhstan IGEM 2024 байқауында әлемдік бестікке кіре отырып, қатерлі ісік ауруларын зерттеуде жаңа деңгейге шықты

Назарбаев Университетінің IGEM NU-Қазақстан командасы IGEM (International Genetically Engineered Machine) 2024 халықаралық байқауында ерекше жетістіктерге жетті. 50-ден астам елден келген 437 университет командалары арасында өткен байқауға қатыса отырып, SanaGel атты команда жобасы MIT, Гарвард және Оксфордпен бәсекелесіп, әлемдегі топ бес онкологиялық жобаның бірі атанды.

iGEM NU-Kazakhstan 2024 командасының SanaGel жобасы сүт безі қатерлі ісігіне қарсы бактериотерапиясын ойлап табуға бағытталған. Санагель - синтетикалық биология, молекулалық биология және материалтану әдістерін қолдану арқылы жасалып, сүт безі каналының карциномасына бағытталған бактериотерапияның инновациялық әдісі. Жүйе қатерлі ісікке қарсы пептидті өндіру үшін генетикалық түрлендірілген патогенді емес E.coli штаммдарын қолданды. Ол қатерлі ісік жасушаларының мембраналарымен селективті байланысу арқылы жасуша бетінде өлімге алып келетін тесікті жасайды. Пептидтің ерекшелігінен басқа, команда қауіпсіздікті бақылаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін жою механизмін (суицид гені) енгізді.


Қатерлі ісік ауруын инновациялық емдеумен қатар, команда гидрогель және зертханалық жасушалар өсіруді автоматтандыруға арналған NanoХ құрылғысын әзірлеудің арқасында үздік бестікке еніп, "Үздік жабдық" номинациясына ие болды. Құрылғы зертханалар үшін қол жетімді және жергілікті әзірленген шешімді ұсынады және оның перспективалары NURIS ABC инкубациялық бағдарламасының соңғы кезеңінде атап өтілді.

IGEM NU-Қазақстан командасы Орталық Азияның жалғыз командасы бола отырып, өңірдегі синтетикалық биологияның дамуындағы маңызды буынды білдіреді. Назарбаев университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің қолдауымен команда заманауи зертханаларды қолданып және өзінің ғылыми жетекшілері, доктор Иван Воробьев және доктор Иршад Каммакакамнан көмек алды.
Команданың студенттік құрамы: ұжымның жетекшісі – Ансаль Диасова; Wet Lab, Dry Lab, Human Practices, Public Engagement департаменттерінің жетекшілері – Адиль Испамбетов, Алан Бердигалиев, Арайлым Мырзагалиева, Темірлан Қаратай; команда мүшелері – Анастасия Тяжелова, Рауан Мұратұлы, Томирис Кудасова, Мақпал Акишова, Нұрия Нұрланқызы, Ернұр Кенжеғазин, Артём Герман, Дана Хайретдинова, Камиля Бейсембаева, Гүлназ Іңкәр, Абылайхан Сералиев, Ильнур Гаетов, Ильяс Умурбеков, Мухаммеддулат Олжабай, Дулат Минас, Диана Бекешова, Әсем Жаннатова, Асель Кенжебай, Ануар Улаков.
2024-10-30 16:46 Жаңалықтар