News

Ғылым әлеміндегі жаңа жаңалық

Профессор Дархан Өтепбергенов басқаратын және студенттер Айжан Ахмади мен Әділхан Ескендірдің қатысуымен Назарбаев Университетінің зертханасы Паркинсон ауруымен байланысты DJ-1 протеинінің қызметін зерттеуде жаңалыққа қол жеткізгенін мақтанышпен хабарлаймыз.

Зерттеу DJ-1 протеині гликолиздің улы жанама өнімдерін бейтараптандыруда, жасушаларды зақымданудан қорғауда маңызды рөл атқаратынын эксперименталды түрде дәлелдеді.

Бұл жаңалық аурудың механизмдерін түсінудің жаңа тарауын ашып қана қоймайды, сонымен қатар оны емдеудің ықтимал жаңа тәсілдерінің негізін қалады.

Nature Communications журналында жарияланған нәтижелер (биохимиялық журналдардың ТОП 3% -ында) соңғы 20 жылдағы осы саладағы ең маңыздысы ғана емес, сонымен қатар ғылыми жұмыстың жоғары деңгейін растады. Бұл Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған жетістік және отандық ғалымдардың әлемдік ғылыми аренадағы рөлін растайды.
2024-03-18 14:49 Жаңалықтар