НУ Ғылым және гуманитарлық зерттеулер мектебінің Қазақ тілі және түркітану кафедрасының доценті Мейрамгүл Құсайынова қосалқы редактор ретінде еңбек еткен ғылыми зерттеу беделді марапатқа ие болды. Америкалық кітапхана қауымдастығына (ALA) қарасты Анықтамалық және пайдаланушыларға қызмет көрсету қауымдастығының (RUSA) Үздік тарихи материалдар комитеті Voices from the Steppe: A Thematic Sourcebook of the Kazakh Steppe and the South Urals кітабын 2023 және 2024 жылдары жарық көрген ең үздік тарихи еңбектердің бірі деп таныды.
Бұл марапат Voices from the Steppe кітабын соңғы жылдардағы ең құнды тарихи еңбектердің қатарына қосып, оның ғылыми маңыздылығы мен тарихи зерттеулерге қосқан үлесін атап өтеді. Кітапта XVI ғасырдан XX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақ даласы мен Ресейдің Оңтүстік Орал өңірінің тарихына қатысты 101 дерек жинақталған. Ол жергілікті тарих, әндер, өлеңдер, хаттар, мемуарлар, діни-құқықтық жазбалар және ресми құжаттар сияқты әртүрлі мәтіндерді қамтып, саясат, мәдениет, руханият, экономикалық қызмет, гендерлік қатынастар және күнделікті өмір тақырыптарын ашады.
ALA ұйымының үздік тарихи материалдар тізімі – беделді марапат, ол тарих ғылымына зор үлес қосқан үздік анықтамалық басылымдарға, библиографияларға және түпнұсқа дереккөздер жинақтарына беріледі. Voices from the Steppe кітабының бұл тізімге енуі Назарбаев Университеті ғалымдарының халықаралық ғылыми қауымдастықтағы рөлін және Орталық Азияны зерттеуге қосқан үлесін көрсетеді.
Толық ақпаратты ALA сайтынан табуға болады: 2024 жылғы үздік тарихи материалдар
Тарихи еңбекпен осы жерден танысуға болады.