2025 жылдың 25 сәуірінде Назарбаев Университетінде көрнекті ғалым, профессор Зейнехан Күзекованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ тіл білімі: теория мен практиканы біріктіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Қазақ тілі және түркітану департаменті профессор Мейрамгүл Құсайынованың жетекшілігімен ұйымдастырды.
ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігінің Тілдер комитеті, ҚАЗТЕСТ, Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ғылыми-әдістемелік орталығы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Білім беру институты және «Қазақтелеком» компаниясының өкілдері секілді еліміздің ғылыми және білім беру мекемелері конференцияға белсенді қатысты.
Конференция барысында функционалды және коммуникативтік грамматика мәселелері, қазақ тіл біліміндегі заманауи үрдістер, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістемесі, білім берудегі жасанды интеллект пен IT-технологияларды пайдалану, сондай-ақ этнолингвистика, әлеуметтанулық лингвистика және медиалингвистика мәселелері талқыланды.
Мерейтой иесіне ерекше құрмет ретінде ҚР Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектің алғыс хаты табысталып, Зейнехан Күзековаға ғылым мен білім беру ісінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қаныш Сәтбаев атындағы медальмен марапаттау рәсімі өткізілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу Назарбаев Университеті оқытушыларының қазақ тілін дамытуға, ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге және елдің мәдени мұрасын нығайтуға қосқан белсенді үлесін көрсетеді.
Конференция жайлы 24KZ жаңалықтар шығарылымымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.