«Бұл университет түлектері үшін Қытайда жұмыс істеуге жол ашады, себебі ондағы Білім министрлігі ресми түрде қазақстандық оқу орнындағы білім сапасын жоғары бағалап отыр», — дейді ол.
Осы аккредитация университеттің беделін арттырып, болашақта Қытайдан келетін шетелдік студенттердің санын көбейтеді деп күтілуде. Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Академиялық сұрақтар бойынша вице-деканы Андрей Фильченко:«Бұл бұдан былай қытайлық студенттер NU-да оқу мүмкіндігін кеңінен қарастыра алады деген сөз. Сондай-ақ олар қазақстандық білім ордасында оқу үшін Қытайдың өзінің түрлі стипендияларына өтініш бере алады. Бұл Қытайдан келетін студенттер қатарының артуына жол ашады»- дейді.