News

Назарбаев Университетінде профессор Зейнехан Күзекованың 70 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді

2025 жылдың 25 сәуірінде Назарбаев Университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнехан Күзекованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ лингвистикасы: теория мен тәжірибе интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияны ұйымдастырушылар:

  • Қазақ тілі және түркітану департаменті, Назарбаев Университеті
  • Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті
  • Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі
  • Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы

Конференция мақсаты:

Шара жоғары білім беру жүйесінде қазақ лингвистикасының ғылыми және практикалық дамуын қолдауға, заманауи тілдік инновациялар бағытында ғалымдар, әдіскерлер мен жас зерттеушілердің тәжірибе алмасуына, сондай-ақ қазақ тілін оқытудағы жаңа әдістер мен технологияларды насихаттауға бағытталған.

Негізгі бағыттар:

  1. Функционалды және коммуникативтік грамматика
  2. Қазақ лингвистикасы: дәстүр және жаңашылдық
  3. Қазақ тілін жоғары мектепте оқыту
  4. Қазақ тілін оқытудағы ЖИ және IT технологиялар
  5. Этнолингвистика, социолингвистика және медиалингвистика

Формат және тілдер:

  • Конференция гибридті форматта өтеді — оффлайн және Microsoft Teams платформасы арқылы онлайн.

  • Жұмыс тілдері — қазақ және ағылшын.

Конференция өткізу мәліметтері:

  • Өтетін күні: 2025 жылғы 25 сәуір
  • Уақыты: 09:00–18:00
  • Өтетін орны: Назарбаев Университеті, 1-блок, Сенат залы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Астана

Қатысу тегін, іссапар шығындары қатысушылар есебінен төленеді.

Конференция соңында барлық баяндамашыларға сертификаттар табысталады. Қабылданған аңдатпалар PDF жинақ түрінде жарық көреді. Қатысушылар толық мақалаларын төмендегі ғылыми журналдардың бірінде жариялай алады:

  • «Құтты білік» — Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі журналы (www.iatkl.kz)
  • «Әйел – ғылым – қоғам» — Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамының журналы (эл.пошта: galym_ayelder@mail.kz)

Баяндама регламенті:

  • Пленарлық баяндама – 20 минут
  • Секциялық баяндама – 10 минут
  • Біліктілік шеберханасы – 60 минут

Байланыс ақпараты:

Мекенжай: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 8-блок, 1-қабат, 8-120 кабинет, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Қазақ тілі және түркітану департаменті

Телефон: +7 702 179 66 77, +7 701 800 99 26

Сізді қазақ лингвистикасының болашағына бағытталған мазмұнды пікірталастар мен ынтымақтастыққа шақырамыз!
Жаңалықтар