News

Назарбаев Университетінде молекулалық және теориялық биология бойынша халықаралық жазғы лагерь өтті

Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ЖӘГҒМ) АҚШ-тағы Молекулалық және теориялық биология мектебімен тығыз серіктестікте бүкіл әлемнен келген жоғары сынып оқушыларына арналған молекулалық және теориялық биология бойынша жазғы лагерь ұйымдастырды. Жоғары сынып оқушылары белсенді ғалымдармен бірге нақты ғылыми жобаларда жұмыс істейді.

Лагерьге әлемнің 11 елінен (Грузия, Беларусь, Армения, Сербия, Украина, АҚШ, Өзбекстан, Ресей, Албания, Польша және Қазақстан – Қазақстаннан Астана, Алматы, Павлодар және Семей қалалары) 76 оқушы қатысты. Биылғы жазғы лагерь Астанада 2025 жылдың 29 маусымы мен 16 шілдесі аралығында өтті.
Оқушылармен қатар, Астанаға 15 елден профессорлар да келді – Ұлыбритания, Сербия, Жапония, Австрия, Германия, Финляндия, Армения, Испания, Беларусь, Грузия, АҚШ, Норвегия, Дания, Литва және Франция.

Жазғы лагерьге қатысатын ғалымдар келесі университеттердің зертханаларын ұсынады:
Окинава ғылым және технология институты (OIST, Жапония), Макс Дельбрюк орталығы (Берлин, Германия), Хельсинки университеті (Финляндия), Питтсбург университеті (АҚШ), Нортвестерн университеті (АҚШ), Лунд университеті (Швеция), Массачусетс медициналық мектебі (АҚШ), Вена университеті (Австрия), ISTA (Австрия), Вустер политехникалық институты (АҚШ), Гельмгольц фармацевтикалық зерттеулер институты (Германия), Гамбург университеті (Германия), Сколтех (Ресей), Вавилов атындағы Жалпы генетика институты (Ресей), Ресей Ғылым академиясының Ақуыз зерттеу институты (Пущино, Ресей).
2025-07-18 11:55 Жаңалықтар